Аймақтар • 16 Сәуір, 2020

«ҚазМұнайГаз»: Сақтық шаралары күшейтілді

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирустық инфекцияның (COVID-19) пандемиясына байланысты наурыздың 15-нен бастап зауыттарда барлық жағдайды басқаратын штабтар жұмыс істеуде. Олар өз қызметін ұлттық компанияның орталық штабымен күн сайын үйлестіріп отырады. Бұл туралы аталған компанияның жұртшылықпен байланыс департаменті хабарлады.

«ҚазМұнайГаз»: Сақтық шаралары күшейтілді

Індеттің алдын алу бойынша арнайы шаралар қабылданды: әкімшілік және өндірістік нысандарда санитарлық-дезинфекциялық және бақылау-өткізу тәртіптері күшейтілді; кәсіпорындарда әкімшілік қызметкерлердің 70%-ы қашықтықтан жұмыс жасау тәсіліне көшірілді; зауыт қызметкерлеріне құрылымдық бөлімшелер арасында жүріп-тұруға шектеу қойылды; қызметкерлердің денсаулығын қадағалау бойынша күнделікті мониторинг жүргізіледі; үй-жайлар мен ғимараттарда, көлік құралдарына және зауыттарға тиесілі аймақтарда тазалық жұмыстары үнемі жүргізіліп тұрады.

«ҚазМұнайГаз» зауыттарды кемінде 2 айға жететіндей мөлшерде сумен, азық-түлікпен, бірінші кезектегі аса қажет тауарлармен, жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуде. Барлық жұмысшыларға жеке қорғаныс құралдары – медициналық маска, нитрил қолғаптары, бактерияға қарсы құралдар таратылды.