Аймақтар • 16 Сәуір, 2020

«ҚазМұнайГаз»: Жаңғырған зауыттар жарылқап келеді

477 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау, Павлодар және Шымкент қалаларындағы үш мұнай өңдеу зауытын жаңғырту нәтижесінде еліміз бойынша ішкі нарықтың мұнай өнімдеріне сұранысы толық өтелді, деп хабарлайды «ҚазМұнайГаз ҰК»АҚ жұртшылықпен байланыс департаменті.

«ҚазМұнайГаз»: Жаңғырған зауыттар жарылқап келеді

Мұнай өңдеу кәсіпорындарында мұнай өңдеу әлеуеті жылына 17,5 млн тоннаға дейін артылды, ал өңдеу тереңдігі 90%-ға дейін ұлғайтылды. Қазіргі таңда қазақстандықтар К4 және К5 экологиялық санаттағы (тиісінше, Еуро-4 пен Еуро-5) бензинмен қамтамасыз етілген. 2019 жылы артылған бензин көлемі таяу және алыс шетелге экспортқа жөнелтілді.

2019 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі (ҚМГ үлесін есепке алғанда) 13 822 мың тоннаны құрады. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 3%-ға артық.

2019 жылы мұнай өнімдерін шығару көлемі ҚМГ операциялық үлесін есепке алғанда 12 513 мың тонна дайын өнімді құрады, бұл 2018 жылдың көрсеткішінен 361 мың тоннаға (3%-ға) артық.