10 Қыркүйек, 2013

Мәскеудегі дөңгелек үстел

285 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

я5Ресей астанасы Мәскеу қаласында Қазақстан Респуб­ли­касының елшілігі «Аргументы и факты» федералды бас­пасөз орталығымен бірлесіп, Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне орай «Ядролық сынақтарға тыйым салудан ядролық қарудан азат әлемге» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

 

Ресей астанасы Мәскеу қаласында Қазақстан Респуб­ли­касының елшілігі «Аргументы и факты» федералды бас­пасөз орталығымен бірлесіп, Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне орай «Ядролық сынақтарға тыйым салудан ядролық қарудан азат әлемге» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Оның жұмысына ядролық таратпау және қарусыздану саласындағы белгілі Ресей және Қазақстан сарапшылары, дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ, қазақстандық және ресейлік БАҚ өкілдері қатысты.

Ресей Федерациясы Мемдума­сы­ның табиғи ресурстар және экология комитеті төрағасының орын­басары, «Невада-Жаңа Жер» қозғалысының тең ұйымдас­ты­рушысы Максим Шингаркин өзінің сөзінде, егер Президент Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық деңгейде ядролық қарусыздануда осындай сөзсіз көшбасшылық танытпағанда, аталған салада мұндай табысқа қол жеткізу мүмкін болмас еді деген пікірін білдірді.

Өз сөзінде белгілі Ресей сарапшысы Алексей Власов атап өткендей, Қазақстанның ядролық қарусыздану туралы шешімі қазіргі мемлекет дамуының сұлбасын айқындауда шешуші рөл атқарды. Ал Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық ядролық қарусыздану саласындағы дәйекті саясаты бүгінде екі әлемдік проб­лемалар – сенім дағдарысы мен қосарланған стандарттар қолдану үдерістеріне байланысты ерекше көкейкесті бола түсіп отыр.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Роман Василенко Қазақстанның қарусыздану тарихы мен ядролық мұрадан арылу барысы туралы әңгімеледі. «Қазақстанның, Ресейдің және АҚШ-тың бұл бағыттағы көп жылғы үшжақты ынтымақтастығы нәтижесінде өзара сенім рухында бірге іс-қимыл таныта отырып қана біз әлемді қауіпсіз ете аламыз», деді ол сөзінің қорытындысында.

«АТОМ» жобасының Құрметті елшісі, қазақстандық суретші Кәріпбек Күйіков әлем назарын тағы да өзі басынан өткерген ядролық сынақтардың қасіретті салдарына аударуға шақырды.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар

100-ге жуық байқаушы қатысады

Референдум • Бүгін, 08:17

Асыл тас хикаясы

Таным • Бүгін, 08:15

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:10

Үшем өмірге келді

Қоғам • Бүгін, 07:55