Аймақтар • 16 Сәуір, 2020

Маңғыстау: 98 494 адамға 4,2 млрд теңге көлемінде әлеуметтік төлем төленді

342 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Бұл туралы МО қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламасы басқармасының басшысының орынбасары Әсет Шопанов хабарлады.

Маңғыстау: 98 494 адамға 4,2 млрд теңге көлемінде әлеуметтік төлем төленді

Бүгін, біз тағы да 42 500 теңге – әлеуметтік төлем жөнінде әңгіме қозғаймыз. Сіздердің назарларыңызға, бүгінгі күні облысымызда  231 мың өтініш түсті, оның 104 мың өтініші тіркеуден бас тартылды. Қалған 127 мың өтініш бойынша электрондық іс макеті жасақталып, 1 724 өтініш Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорымен бас тартылды. 98 494 адамға 4,2 млрд теңге көлемінде әлеуметтік төлем төленді.

Сонымен қатар, Қағидаға есеп шотты көрсетпей өтініш беру мүмкіндігі қарастырылып, өзгеріс енгізілді. Қазіргі таңда әлеуметтік төлем тағайындалған 3 260 адамның есеп шотын көрсетілуін күтілуде.

Еске сала кетейік, қолданыстағы Қағидаларға сәйкес төтенше жағдай кезеңінде қызметтің шектелуіне байланысты әлеуметтік төлем табысынан айырылған келесі санаттағы тұлғаларға беріледі:

- жеке кәсіпкерлерге және шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің, ал карантин енгізілген елді мекендердегі ірі кәсіпкерлік субъетілерінің жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлеріне;

- жеке практикамен айналысатын адамдарға (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, медиатор, репетитор);

- бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерге, ЕСП депте айтамыз;

- азаматтық – құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын тұлғаларға;

- мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелерді қоспағанда, коммерциялық емес заңды тұлғалардың жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлеріне.

Сонымен қатар, өзін – өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандарға, яғни бейресми, салық органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей, осы күнге дейін ЕСП төлемей, бірақ өзінің тіршілігін жасап, жұмыс жасап, былай айтқанда тиын – тебенің тауып жүрген адамдарға осы әлеуметтік төлемді алуға мүмкіндік бар. Ол үшін азаматтар ЕСП төлеу арқылы өз ісін заңдастыруы қажет. Яғни бүгін ЕСП төлеп, келесі күні әлеуметтік төлемге өтініш бере алады. Ол қалалықтар үшін 2 651 теңге, ауыл тұрғындары үшін 1 325 теңге.

- Бізге көп қойылатын сұрақтардың бірі – «Мен зейнеткер едім, мүгедек жан едім, студент едім немесе бала күтімінде отыр едім, яғни декретте маған тиісті ме?» деген сұрақ.

Бұл жерде ескертейін дегенім, төтенше жағдай кезеңінде табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем азаматтардың әлеуметтік мәртебесіне байланысты төленбейді. Яғни, азаматтардың жасына, зейнеткерлігіне, мүгедектігіне немесе басқада жайттарға қарамайды. Бұл төлем, жарияланған төтенше жағдайға байланысты шын мәнінде табысынан айырылған болса, онда ол азаматтарға бұл төлем тиісті болады.

Мысалға, зейнеткер немесе мемлекеттік жәрдемақы алып жүрген азаматтар. Ол кісілер үшін мемлекет тарапынан, бюджет есебінен ай сайын зейнетақы мен жәрдемақы төленіп келеді. Ол төлемдер төтенше жағдайға байланысты тоқтаған жоқ, қайта олардың мөлшері артып жатыр. Сондықтан, бұл азаматтар төлемге ие бола алмайды.

Бірақ егерде зейнеткер немесе жәрдемақы алып жүрген жандар, яғни көп балалы аналарымыз, мүгедек жандарымыз төтенше жағдайға дейін ресми түрде жұмыс істеген болса, яғни бір мекемеде жұмыс істеген болса, жеке кәсіпкер болса немесе ЕСП төлеген болса ол ескеріледі. Жалпақ тілмен айтсам, зейнетақы, жәрдемақы көлемі көп емес, сондықтан қосымша табыс тауып жүрген болса, онда бұл азаматтарымызға бұл төлем тиісті. Тағыда нақтылап кетейін, бұл азаматтар төтенше жағдайға дейін ресми жұмыс жасаған болса әлеуметтік төлемді ала алады.

Келесі сұрақ: Менің банкте есеп-шотым жоқ еді, тумаласымның, досымның немесе ата-анамның есеп-шотын көрсетсем бола ма?

Бұл жерде әр азамат өзінің есеп-шотын көрсетуі тиіс. Себебі, басқа жағынан қарасақ, алаяқтар пайдаланып кетуі мүмкін. Мысалға, алаяқтар азаматтардың аты-жөнін, ИИН-ін тауып алып, өзінің есеп-шотын көрсетіп азаматтардың атынан өтініш беруі мүмкін. Сол кезде шын мұқтаж азаматтарға тиісті ақшаны алып кетуі мүмкін. Сондықтан әр азаматтың өзінің есеп-шоты болуы тиіс.

Соңғы өзгерістерге байланысты, өтінішті бүгінгі күні есеп-шотты көрсетпестен беруге болады. Жоғарыда айтып кеткенімдей, бүгінгі күні ондай өтініштер саны 3 260. Азаматтарға төлем тағайындалғандығы жөнінде хабарлама келгеннен кейін, отыз күн ішінде есеп-шотын ұсыну қажет, деді Әсет Шопанов.