Бұл деректерді тарих ғылымдарының кандидаты, археолог Марат Тұяқбаев «Түркістан өлкесіндегі археологиялық зерттеулер» тақырыбындағы тарихи шолуында мәлім етті. Мәдениет және спорт министрлігінің «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі тікелей көрсетілімде өткізген алғашқы онлайн кездесуде қорық-музейдің ғылыми қызметкері Марат Қымызұлы Түркістан қаласын зерттеу, археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу аясында анықталған тарихи деректер, қазба жұмысының маңызы жөнінде әңгімелеп, көрермен сауалына жауап берді.
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қорық-музейдің фейсбук парақшасында өтетін онлайн дәрістер мен шолуларға Түркістан тарихына қатысты зерттеулер жүргізген елімізге белгілі ғалымдар мен тарихшылар, археологтар, тарихи жәдігерлерді күтіп-баптау ісіндегі тәжірибелі мамандар қатысатын болады. Сондай-ақ, тарихи жәдігерлерді сақтау, қорғау және қалпына келтіру жұмыстары бойынша халықаралық ғылыми-зерттеу зертханасының мамандарымен де шеберлік сабақтары ұйымдастырылмақ.
Тарихи орындар мен жәдігерлер жайлы онлайн экскурсия жасау, оқырмандармен тікелей эфир арқылы байланысқа шығу да қорық-музей қызметкерлері төтенше жағдай кезінде қолға алған игі істердің бірі.
Түркістан облысы