Аймақтар • 16 Сәуір, 2020

Түркістан: Серіктестік миллион теңгеге азық-түлік таратты

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

#BizBirgemiz акциясы аясында, Nur Otan партиясы өкілдерінің ұйытқы болуымен, Сайрам ауданындағы «AYKAN» ЖШС-ы миллион теңгеге жергілікті 115 отбасыға азық-түлік пен өздері өндіретін ірімшік, сүт өнімдерін таратты.

Түркістан: Серіктестік миллион теңгеге азық-түлік таратты

«Эмир» сауда белгісімен сүт өнімдерін өңдеу ісін жақсы жолға қойған серіктестік директоры Алмагүл Айқан қиын сәтте мұқтаж жандарға қол ұшын созу азаматтық борышым деп санайды. Бүгінгі таңда «AYKAN» компаниясы тек облыс емес еліміз бойынша сүт өнімдерін өңдейтін ірі кәсіпорынға айналған. Күніне 100 тонна сүтті өңдей алатын компанияның басты ерекшелігі – өнімдердің сақталу мерзімін ұзарту үшін тұрақтандырғыштарды қолданбайды. Барлық өнім табиғи түрінде сатылады. Ал шикізат көзі болып табылатын сүт Сайрам және Төле би аудандарынан сатып әкелінеді. Серіктестік «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында құрғақ сүт пен сарысу өндіретін жобаны жүзеге асыруды жоспарлауда.

Акция аясындағы қайырымдылық шараларында Жетісай ауданының кәсіпкерлері де белсенділік танытуда. Мысалы, Қазыбек би ауылдық округіне қарасты Ә. Оспанов ауылының тумасы карантин мезгілінде қиындыққа тап болған жерлестеріне 200 қап ұн таратып берді. Жалпы Жетісай ауданында қазіргі таңға дейін демеушілер есебінен аз қамтылған отбасыларға 10 миллионнан астам қаржының көмегі көрсетілген.