- Оқиға Қарағанды қаласының әуежайынан оңтүстікке қарай орналасқан жерде орын алды. Ұшқаннан кейін қозғалтқыштардың бірінде өрт шықты. Катапульттеуге команда алғаннан кейін әскери ұшқыштар ұшақты елді мекеннен аулаққа қарай бағыттады. Халыққа ешқандай қауіп төндірмейтініне көз жеткізгеннен кейін экипаж катапульттелді. Ұшқыштар аман, - делінген хабарламада.
Қорғаныс министрінің бұйрығымен авиациялық оқиғаны тексеруге комиссия тағайындалды.
Оқиға орнына Әскери-әуе күштерінің іздестіру-құтқару қызметінің жасағы келді.