Аймақтар • 17 Сәуір, 2020

Дезинфекцияны автоматты түрде жасайды

114 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуырда Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов тікелей эфир арқылы брифинг өткізіп, халыққа облыстағы бүгінгі ахуал туралы баяндап берді. Алдымен ол аты жаман індетке қатысты соңғы деректерді айта келіп: «Бұл біздің жіті жұмыс істеп жатқанымыздың нәтижесі. Мен індетпен күресіп жатқан медициналық қызметкерлердің бәріне тағы да алғысымды білдіремін», деді.

Дезинфекцияны автоматты түрде жасайды

Әкімнің айтқан соңғы жаңа­лық­тардың бірі – қатарында кәсіп­орындар мен мекемелер өзінің өндіріске аса қажетті мамандарын автобустармен жет­кізетіні айтылды. Ал ав­тобуста адамдар бір-бірінен алыс отыру үшін жартылай ғана толықтырылады. Салонның үнемі дезинфекциялануы талап етіледі. Кәсіпорындар мен мекемелердің кіреберісінде міндетті түрде алыстан анықтай­тын термометрлер болуы керек. Ыстығы сәл көтерілген адам болса, жұмысқа жіберілмейді. Со­нымен қатар осындай термометр­лер­мен барлық супермаркеттер жарақ­тандырылуы керек. Ыстығы бар адам дүкенге кіргізілмейді, тек тамақ­ты алып келуге тапсырыс бере алады.

Құмар Ақсақалов айтқан ерекше жаңалықтың бірі – жергілікті «Ра­дуга» ЖШС дезинфекцияны авто­мат­ты түрде жүргізетін құрал жа­сай бас­тапты. Мұндай конструкция­лар үл­кен гипермаркеттер мен супер­маркеттердің кіреберістеріне орнатылмақ.

Сондай-ақ әкім «сая­жай­ға шы­ғамыз», «итімізді да­ла­ға қыдыртамыз» деген ті­лек­те­ріңізді әзірге қоя тұрула­ры­ңыз­ға тура келеді», деп тұр­ғын­­дар­ға ескертті. «Қазір поли­ция­­ға ке­ңейтілген өкілеттілік бе­­ріл­ген. Сондықтан олар еште­ңе­ге қарамай, тұтқындау немесе айып­­пұл салу шараларын жиі қол­­дануда. Ескертудің уақыты өткен», деді әкім.

 

Солтүстік Қазақстан облысы