Коронавирус • 17 Сәуір, 2020

Әлемдегі ахуалға шолу: Көршілес елдерде жағдай қандай?

1114 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл топтамада әлемнің 185 елінде тараған COVID-19 вирусына қатысты соңғы жаңалықтарды жариялап отырамыз.

17 сәуірде Johns Hopkins University (JHU) ұсынған мәлімет бойынша вирус жұқтырғандар саны - 2 160 170, өлім саны - 145 593, айыққандар саны - 549 996 адам болды (жаңартылған уақыты 15:08).

17:49

Көршілес елдерде жағдай қандай?

Ресейде бір күнде 4 070 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Қазір елде 32 мыңнан астам жағдай тіркелді. 2 590 науқас құлан-таза айықты, 273 адам қайтыс болды.

Қырғызстанда соңғы тәулікте 23 науқас анықталған, вирус жұқтырғандардың жалпы саны 489 адамға жетті. 114 адам жазылып шыққан, ал 5 науқас қайтыс болды.

Өзбекстанда 1390 адам COVID-19 вирусын жұқтырды, соңғы тәулікте 41 науқас тіркелген. 140 адам сауығып, 4 адам вирустан қайтыс болды.

Қытайда бір тәулікте 26 жағдай тіркелген, 15 науқас шетелден келсе, 11 адам ел ішінде жұқтырған. Жалпы елде 83 760 адам коронавирус жұқтырған. 4 636 адам қайтыс болса, 77 551 науқас сауыққан.  


14:42

Бразилия президенті денсаулық сақтау министрін қызметінен босатты

Бразилия президенті Жаир Болсонару елдің Денсаулық сақтау министрі Луиз Мандеттаны жұмыстан босатты.

Екеуі коронавирус пандемиясына қатысты түбегейлі түрлі көзқарасы үшін бір апта қарсыласып келген.

Бұл жаңалықты бұрынғы министр Twitter парақшасында жариялады. Ол шектеу шараларын қолдану дұрыс деп санаса, ел президенті бұл онсыз да қиын жағдайдағы ел экономикасына теріс әсер ететінін алға тартқан.

п


10:56

Сингапурде екінші күн қатарынан коронавирус жұқтырғандар саны артып келеді

Сингапурде бір тәулікте COVID-19 вирусын жұқтырған 728 адам анықталған. Тіркелген жағдайлардың ешқайсысы сырттан әкелінбеген.

о


09:52

Ұлыбритания коронавирусқа қарсы енгізген карантин шараларын үш аптаға ұзартты

Британияда 26 наурызда жарияланған карантин режимі мамыр айының басына дейін ұзартылады. Дегенмен ел Үкіметі шектеу шараларын тоқтату туралы түпкілікті шешімді бұл вирустың таралу қарқынының өсуіне алып келмейтініне көз жеткізгенде ғана қабылдайды.

Жақында британ ауруханаларында пандемияның салдарынан 861 адам көз жұмды. Өлім-жітімнің жалпы саны 13 729-ға жетті. 

kkk


 09:48

Беларусьте коронавирус инфекциясын жұқтырған 476 адам анықталды

COVID-19 вирусын жұқтырғандардың жалпы саны 4 204 адам. Бұған қоса, жақында тағы 4 адам көз жұмды. Коронавирустың кесірінен қайтыс болғандардың жалпы саны — 40. Бүгінде 203 науқас емделіп шыққан. Инфекцияның ағзада бар-жоғын анықтау үшін 81 246 тест жасалған.