Технология • 17 Сәуір, 2020

Apple компаниясы iPhone SE сериясындағы жаңа смартфонын таныстырды

763 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақ, қара және қызыл түсте шығады. Бұл 8-ші айфон дизайнындағы 11-ші айфон десеңіз де болады. Несі бар, мықты шешім деуге болады. Өзі шағын, қарапайым, бірақ өнімділігі өте күшті.

Apple компаниясы iPhone SE сериясындағы жаңа смартфонын таныстырды

Смартфон жүрегі ретінде A13 Bionic процессоры салынған. Бұл қазіргі айфондардағы ең мықты процессор. 8 ядролы Neural Engine жүйесі секундына 5 трлн операция өңдей алады әрі аккумуляторға салмақ көп салмайды.

Retina HD дисплейі 4,7 дүйм және сапасы 1334×750 пикселден тұрады. Түстегі бояудың анық-қанығын керемет көрсетеді.

Байырғы кездегідей Touch ID кнопкасы бар. Онда Haptic Touch технологиясы қолданылады.

Аккумуляторы жарты сағаттың ішінде 50 процентке дейін тез қуаттана алады.

Смартфонның негізгі камерасы 12 Мп. Түнгі режимі жоқ екен. Бірақ өте сапалы түсіреді. Суреттері жаман емес сияқты. Бұл камера видеоны 4К және секундына 60 кадрмен сапамен түсіреді дейді.

Корпусы шыны мен алюминийден жасалған және IP67 стандарты бойынша шаң мен ылғал өткізбейді.

Ішкі жады 64, 128 және 256 ГБ. Бағасы мөлшермен 230, 260 және 310 мың теңге шамасында болмақ.