Осыған байланысты қаланың шет аймақтарындағы тұрғындар азық-түліктен тарықпауы үшін қала әкімінің тапсырмасымен қолға алынған бастаманы «Мирас» және «Анвар» сауда орталықтары қолдап, көшпелі сауда ұйымдастырды.
«Эделвейс», «Сабалақ», «ПМК-29», «Электромонтажник», Наурыз, Ақсуат саяжайлары мен елді мекендерінде тұратындарға нарық бағасынан 5-10% төмен бағада азық-түлік пен тұрмысқа қажетті заттар жеткізілді. Жалпы көшпелі саудада картоп, пияз, сәбіз, күріш, рожки, сүт, шәй, өсімдік майы мен сабын, ұнтақ, сіріңке, химиялық тазартқыштар сатылымға шығарылды. Алғашқы саудада 5 тоннаға жуық азық-түлік пен тұрмыстық заттар сатылыпты.
Бұған қоса, «Еврофарм» ЖШС ұйымдастырған жылжымалы дәріхана қызметі қаланың шет аймақтарына шығып, өз тауарларын халыққа ұсынуда.
– Тұрғындар сыртқа бармай-ақ үйінің алдына келіп тұрған жылжымалы көліктен қолжетімді бағада қажетті затын алды. Бұл жұмыстар төтенше жағдай кезеңінде жалғаса береді, – деді қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Алмасбек Есмаханов.