– Жаңадан анықталған 12 науқастың үшеуі Қызылорда қаласынан болса, тоғызы Жаңақорған ауданынан. Олардың 11-і бұрын анықталған науқастармен жақын қарым-қатынаста болғандардың арасынан шығып отыр. Ал 1 науқас Жезқазған қаласында вахталық әдіспен жұмыс жасап келген. Қауіпті індет жұқтырғандардың барлығы жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылып, тиісті емдерін қабылдауды бастады, – деді Жақсылық Әбілқасымұлы.
Сала басшысы аймақ дәрігерлері қауіпті індетке шалдыққандарды анықтаудың белсенді сатысына көшкендігін атап өтті. Науқас неғұрлым ерте анықталса, соғұрлым емдеу шаралары тез басталады. Ем де нәтижелі болады.
– Сондықтан да науқастар санының күрт көбеюінен қорқудың қажеті жоқ. Қауіпсіздік талаптарын барынша сақтап, шектеу шараларын естен шығармайық, – деді аймақтың бас дәрігері.