10 Қыркүйек, 2013

Елімізде жаңа веб-портал іске қосылды

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін «Қазмедиа орталығы» АҚ ғимаратында Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі базасында «Қазақстан 2050» – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясының жүзеге асырылу барысы жайында ақпарат тарататын жаңа порталдың таныстырылымы болды.

130910-07

Жиынды Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев ашты. Ал маңызды жобаның іске асырылуын «Қазконтент» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Зарина Бақтиева түсіндіріп берді. Оның сөзінен мәлім болғанындай, «Қазконтент» АҚ жедел ақпараттар мен эксклюзивті талдамалардың дереккөзіне айналатын, пайдаланушылардың ыңғайына орай барлық заманауи мүмкіндіктерді қамтыған жаңа интерактивті порталды іске қосып отыр.

Мұнда күн сайын 40-тан астам ақпараттық және талдау материалдары, бейне, фотоматериалдар үш тілде жарық көріп отырады екен.

Порталдың көру қабілеті нашар жандарға арналған арнайы нұсқасы да бар. Сондай-ақ, мұнда Қазақстанның интерактивті картасы орналасқан және еліміз облыстарындағы жобалар туралы да мәлімет ала аласыз.

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Қырықбаев, Парламент Сенатының депутаты Серік Нөгербеков, Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Әбенов жаңа веб-порталдың ашылуымен құттықтап, оның маңызы мен мүмкіндіктері жайлы өз ойларын ортаға салды.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар