Аймақтар • 17 Сәуір, 2020

Әскери қызметшілер қаланы дезинфекциялауды жалғастыруда

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметкерлері тұрғын үйлердің подъездерінде санитарлық жұмыстардың екінші толқынын бастады. Бұл жайлы «Батыс» өңірлік қолбасшлығыы баспасөз қызметі хабарлады.

Әскери қызметшілер қаланы дезинфекциялауды жалғастыруда

Атырауда Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері тұрғын үйлердің кіреберістерінде дезинфекция жұмыстарын жүргізе бастады. Барлық ықшам аудандар мен оларға іргелес аумақтарды, ойын алаңдары, алаңдар мен саябақтар, мемлекеттік мекемелер, базарлар, вокзалдар мен әуежай аумағын аяқтағаннан кейін олар тұрғын үйлердің барлық кіреберістерін аралап, ойын алаңдарын қайта залалсыздардыруда жоспарлап отыр.

-Атырау қаласында дезинфекциялау жұмыстары басталғаннан бері жалпы аумағы 300 мың шаршы метрден асатын 126 түрлі объектілер залалсыздандырылды. Осы жұмыстар барысында біз арнайы «Рубеж» қоспасы мен кальций гипохлоритін қолданып жатырмыз. Қоспаны дайындау кезіндегі қолданылатын заттардың үлесі адамдар мен жануарларға еш қауіп төндірмейді, дейді «Батыс» өңірлік қолбасшылығының РХБ қорғаныс күштерінің бастығы.Алмас Несіпқалиев,

Бүгінгі таңда 100-ге жуық әскери қызметші санитарлық жұмыстарға тартылған. Олар 20 адамнан тұратын 5 топқа бөлінген. Залалсыздандыру жұмыстары ИДК-1 жеке дегазациялық жиынтығы көмегімен жүзеге асырылады. Жинақ бүрку принципі арқылы жұмыс істейді. Бір кіреберісте, орта есеппен 20 литр ерітінді қажет.

Айта кетсек, карантин режимін қамтамасыз ету шаралары аясында Атырау қаласына 195-тен астам әскер жұмылдырылған. Коронавирустың таралуын болдырмау үшін Қорғаныс министрлігі қалалардағы көшелерді, ғимараттар мен халық көп жиналатын жерлерді санитарлық тазарту үшін радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс жасақтарын жіберді.

Маңғыстау облысы