Елімізде Таза энергияны дамыту жөніндегі агенттік құру мәселесі қарастырылуда. Бұл туралы бүгін«Еуразия ХХІ ғасырда: Жаңару арқылы жетекшілік» тақырыбында дамушы нарықтардың екінші Еуразиялық форумында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың айтқан дерегіне сүйеніп, «ҚазАқпарат» агенттігі хабарлады.

Жиында Елбасы мына мәселеге айрықша назар аударды:«Біріншіден, таза энергияны дамыту жөніндегі агенттік құру, екіншіден, балама энергия жобаларын қолдау жөніндегі қор құру, үшіншіден, энергия сервистік компаниялар құруды қамтамасыз ету, төртіншіден, энергия үнемдеу үшін шаруашылық субъектілерін ынталандыру қажет».
Осы жұмыстарды тиімді атқару үшін «Энергия тиімділігі көшбасшысы» жобасын әзірлеу қажеттігі туындап отыр. Сондықтан жақын арада бұл бағыттағы жұмыстар қолға алынатын болады.