Әзірге белгілісі, індет жұқтырған соңғы екеудің бірі –Жітіқара қалалық полиция бөлімінің қызметкері болып шықты. Қазір госпитальда жатыр. Ол қайтыс болған кісімен көрші тұрған. Таяуда ғана Қостанайға есеп беруге келіп кеткен.
Жітіқаралық полицеймен Қостанайда кездескен департамент қызметкерлерінің барлығы үй карантиніне жабылды. Жітіқара полиция бөлімінің қызметкерлері түгелдей үй карантинінде жатыр.Қала қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Жітіқараға облыстың өзге өңірлерінен 80 полицей келді, - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қостанай облысы