Спорт • 17 Сәуір, 2020

Теннис: US Open турнирінің тағдыры маусымда шешіледі

66 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннистен «Үлкен дулыға» санатына енетін әлемдегі ең беделді турнирдің бірі US Open додасының қай уақытта өтетіні маусым айында анықталмақ.

Теннис: US Open турнирінің тағдыры маусымда шешіледі

АҚШ-тың теннис ассоциациясының директоры (USTA) Майк Доус турнирді медицина қызметкерлерімен кеңесе отырып ұйымдастыратынын мәлімдеді.

«Біз турнирді ұйымдастырғымыз келеді. Бірақ ең бірінші спортшылар мен жанкүйерлердің денсаулығын ойлағанымыз жөн. Сондықтан алдағы маусым айында дәрігерлермен кеңесе отырып, шешім қабылдайтын боламыз. Қазір күн сайын бес-алты дәрігермен күнде байланысып, жағдайды назарда ұстап отырмыз. Медицина өкілдері бір-екі айдың көлемінде жарысты өткізу қауіпсіз деп тапса, маусым айында бір шешім қабылдаймыз», дейді Майк Доус.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ теннис федерациясының басшысы Дэнни Зауснер US Open жарысы өз уақытында өтеді деп мәлімдеген еді. АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтетін биылғы біріншілік 31 тамыз бен 13 қыркүйек аралығына жоспарланған.