Әлем • 17 Сәуір, 2020

Швед ханшайымы София Стокгольмдегі Софиахмет ауруханасында жұмысын бастады

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Осылайша, ол SARS-CoV-2 коронавирусы індетімен күресуге көмектескісі келеді», деп жазады Daily Mail.

Швед ханшайымы София Стокгольмдегі Софиахмет ауруханасында жұмысын бастады

Бұған дейін ханшайым көмекші медициналық персоналды оқытатын Софиахмет ауруханасындағы колледжде жеделдетілген үш күндік курстан өтті.

Апта сайын ол жерде кемінде  80 адам біліктілігін көтеріп жатыр. Эпидемия салдарынан дәрігерлер мен медбикелерге жүктемені азайту үшін қосымша жұмысшылар қажет болды.

Кешелі бері ғаламторда 35 жастағы ханшайымның  хирургиялық костюм киіп, Софиахмет қызметкерлерінің қоршауында түскен суреттерін таратып жатыр.

Ханшайым София - ханзада Карл Филиптің әйелі,  Чарльз XVI Густавтың жалғыз ұлы, ол швед тағында төртінші болып келеді. Үйленгенге дейін ол модель және реалити-шоудың қатысушысы ретінде танымал болды.

Соңғы мәліметтер бойынша, 16 сәуірге дейін әлемде 2,12 миллион жаңа коронавирус инфекциясы жұқтырылған. 142 мың адам COVID-19-дан қайтыс болды, 535,5 мың адам дерттен айықты.  Швецияда инфекцияның 12,5 мың жағдайы анықталды, 1333 адам қайтыс болды.
27 наурызда Бурбон-Парманың 86 жастағы ханшайымы Мария Тереза ​​Парижде қайтыс болды деп хабарланды.

АЛМАТЫ