Кеше Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Астана төрінде өтіп жатқан Дамушы нарықтардың Еуразиялық форумы аясында «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауының жүзеге асырылу барысы жайында ақпарат тарататын жаңа веб-порталдың таныстырылымы өтті.
Кеше Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Астана төрінде өтіп жатқан Дамушы нарықтардың Еуразиялық форумы аясында «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауының жүзеге асырылу барысы жайында ақпарат тарататын жаңа веб-порталдың таныстырылымы өтті.
Жиынды ашқан Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев аталған ақпараттық портал «Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясын» халыққа және бүкіләлемдік қауымдастыққа түсіндіру мақсатында ашылып отырғанын айта келе, оны еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты «Қазконтент» АҚ мекемесі дайындағанын атап өтті.
Бұл ретте, «Қазконтент» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Зарина Бақтиева да сөз алып, «Стратегия-2050» веб-порталының мақсат-міндеті төңірегінде баяндап берді. «Бұл веб-портал – «Қазақстан-2050» Стратегиясының жүзеге асырылу барысы туралы жедел мәліметтер мен эксклюзивті талдаулар мен сараптаулар шоғыры жинақталатын ақпарат алаңына айналатын болады. Мұнда күн сайын 40-тан астам ақпараттық және талдау материалдары, бейне, фотоматериалдар үш тілде жарық көріп отырады», – деді Зарина Бақтиева өз сөзінде.
Оның айтуына қарағанда, жаңа ақпараттық интерактивті порталды әзірлегенде пайдаланушыларға тиімділік жағы жан-жақты ескерілген және оларға ыңғайлы болу үшін қазіргі заманғы әдіс-тәсілдер толықтай қамтылған. Порталдың көру қабілеті нашар жандарға арналған арнайы нұсқасы да бар көрінеді. «Бұл портал танымал әлеуметтік желілермен кіріктірілген. Яғни, сіздер жаңалықтардың қысқа түрдегі аңдатпасын көруге мүмкіндік аласыздар», – деді З.Бақтиева.
«Қазконтент» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, сондай-ақ, «Стратегия-2050» порталында 2050 жылға дейінгі жобалар тізбегі туралы барлық ақпарат қамтылатынын, порталда интерактивті карта орналасқанын, бұл жерде Қазақстанның жалпы картасы жасалғанын атап өтті. «Мұнда еліміз облыстарының қандай салаларында қанша жоба жүзеге асырылып жатқаны туралы толық мәлімет алуға және көруге болады. Бұған қоса, жобалардың 2050 жылға дейінгі іске асырылу барысына да көз жеткізе аласыздар. Түйіндеп айтсақ, портал оны пайдаланушыларға зор интерактивті мүмкіндіктер ұсынады. Бұл жаңалықтар таспасы және онлайн-трансляция», деді З. Бақтиева.
Парламент Сенатының депутаты Серік Нөгербеков бүгінде қоғам алдында «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру ауқымды міндеті тұрғанын айта келе, G-Global хатшылығы атынан «Стратегия-2050» порталы G-Global коммуникативті алаңының зор қолдауына ие болатынына сенім білдірді. «G-Global бүгінде әлемдегі ірі коммуникативті алаңдардың бірі болып отыр. Ал «Стратегия-2050» порталы G-Global коммуникативті алаңының зор қолдауына ие болады деп санаймын», деді ол бұл турасында.
Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Қырықбаев бұл Елбасы қойған мақсат-міндеттерді жүзеге асыру аясында жасалған үлкен жұмыстың жемісі екенін, бұл ретте, көпфункциялы, интерактивті веб-порталдың өз артықшылығы барын атап өтті. «30 жыл деген демде өте шығатын уақыт. Сондықтан, Мемлекет басшысының ел алдына қойған талаптарын орындау үшін, ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін аянбай қызмет ету керек. Ал ол қызметтің қалай жасалып жатқандығы халықтың назарында болуы тиіс. «Стратегия-2050» веб-порталы, міне, осы мақсатта жасалған ауқымды бастама. Бұл порталдың ерекшелігі – ол тек орталық мемлекеттік органдар деңгейінде атқарылып жатқан іс-шараларды ғана емес, аймақтарда жүзеге асырылып жатқан жұмыстарды да насихаттап отырады», деді А.Қырықбаев.
Онлайн-режімі арқылы байланысқа шыққан Павлодар облысы әкімінің орынбасары Арын Өрсариев: «Мен сайтпен, оның алдына қойылған мақсат-міндеттермен танысып шықтым. Интерфейсі, сәтті таңдалып алынған суреттері – бәрі де сүзгіден өтіп, алдын ала ойластырылып жасалғаны көрініп тұр. Талдамалы, сараптамалы материалдар да кездеседі екен.