Әлем • 17 Сәуір, 2020

Ресей азаматтарының мәліметтері бар бірыңғай база құрылады

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік Дума Ресейдің барлық азаматтары туралы мәліметтері бар бірыңғай тізілім құру туралы заң қабылдады. Бұл заңнамалық бастаманы 282 депутат қолдады, 31 депутат қарсы болды, басқа  депутаттар дауыс беруге қатыспады.

Ресей азаматтарының мәліметтері бар бірыңғай база құрылады

Дауыс беру аяқталғаннан кейін «Единая Россия» партиясының депутаты Инга Юмашева заң жобасының көптеген ресейліктердің наразылығын туғызғаны туралы пікірталасты бастауға тырысты. Алайда, төменгі палатаның спикері Вячеслав Володин Юмашеваның сөзін бөліп, профильдік комитет заңнамалық бастаманы қолдады және екінші оқылым өтті деп мәлімдеді.

Заң жобасы тиісті органдарға (Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Білім және ғылым министрлігі) уәкілетті органға (Федералды салық қызметі) электронды ақпарат ұсыну арқылы мемлекеттік органдардың, мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың мемлекеттік органдарының мемлекеттік ақпараттық жүйелеріндегі ақпарат негізінде бірыңғай федералды ақпараттық тіркелімді құруды ұсынады.

Ақпараттық тіркелімде тек Ресей азаматтары туралы ғана емес, сонымен бірге Ресей Федерациясында уақытша немесе тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, босқындар деп танылған немесе елге уақытша баспана берілгендер туралы мәліметтер болады.

Федералды тіркелімге жеке тұлғалар туралы келесі мәліметтер қосылады: аты-жөні, туған жылы, қайтыс болған күні, қайтыс болған жері, жынысы, отбасы жағдайы, азаматтығы, төлқұжат мәліметтері.

«Халықтың федералды ақпараттық тізіліміндегі ақпарат мемлекеттік және муниципалды органдарға, ХҚК-ға, нотариустарға, сондай-ақ жеке тұлғаға немесе оның заңды өкіліне беріледі» делінген заң жобасының мәтінінде.