– Медицина мамандарының сыртқы тұрпаты карантин талаптарына сай өзгерді. Фельдшерлер әлемдік тәжірибеде қолданылатын қорғаныш киімдерімен қамтамасыз етіліп, қазір штатты режімде жұмыс істеп жатыр. Облыс тұрғындарына мынаны ескерткіміз келеді: егер қызуыңыз көтеріліп, түшкіріп, жөтел тиіп қалса немесе ішіңіз өте бастаса емханаға барудың қажеті жоқ. Медицина мекемесіне немесе жедел жәрдемге қоңырау соқсаңыз, жеткілікті. Жедел жәрдем көп кешіктірмей үйіңізде болады. Карантин талаптарының бұзылмауын қадағалап, тазалық сақтаңыздар. Бүгінгі таңда әр адамның қауіпсіздігі мен денсаулығына қажет негізгі талап - осы, - деп мәлімдеді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Қостанай облысы