Экономика • 11 Қыркүйек, 2013

Ауыл кәсіпкерлеріне көмек

333 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Казагро«Егінжай-2013» бағдарламасы аясында «ҚазАгро» арқылы отандық диқандарға қолдау көрсетіледі.

Қазақстанның негізгі астық егу аймақтарында қызу жұмыстар басталды. Бірқатар аймақтарда тамыз айының жаңбыры астықтың пісуіне және астық жинау уақытының созылуына кесірін тигізді. Сондықтан диқандардың басты мақсаты – соңғы уақытта болған, дегенмен сенімсіз күншуақты ауа райын пайдаланып қалу болды.

 

Казагро«Егінжай-2013» бағдарламасы аясында «ҚазАгро» арқылы отандық диқандарға қолдау көрсетіледі.

Қазақстанның негізгі астық егу аймақтарында қызу жұмыстар басталды. Бірқатар аймақтарда тамыз айының жаңбыры астықтың пісуіне және астық жинау уақытының созылуына кесірін тигізді. Сондықтан диқандардың басты мақсаты – соңғы уақытта болған, дегенмен сенімсіз күншуақты ауа райын пайдаланып қалу болды.

Алдағы қиындықтарды ескере отырып «ҚазАгро» Ұлттық Холдингі отандық диқандардың мүмкіндіктерін барынша кү­шейтуге тырысты. Ауылша­руа­­шылық кәсіпкерлеріне кө­мек ретінде «Егінжай-2013» бағдар­ламасы аясында астық және мақта жинаушы комбайндар мен осы маусымда қажеттілік туғызған астық кептіру жабдықтарын иелену кезіндегі жаңа қаржыландыру шарттары бекітілді. Сонымен қатар, «ҚазАгро» Холдингі ша­руа­лардың бірнеше рет жасалған сұраныстарын ескере отырып, алыс шетелде қолданыста болған техниканы иелену мүм­кіндігін туғызды. Енді, Хол­динг­тің еншілес компаниясы – «ҚазАгроҚаржы» арқылы шаруа­лар қолданыста болған жоғары өнімді техниканы қолайлы шарттармен төмен бағаға сатып алуына болады.

Аталған шаралар қызу жұмыс науқанында комбайндарды жал­ға алуға мәжбүр болатын, сонымен қатар, агротехникалық мер­зімдерді бұза отырып, астықтан толығымен айырылып, кем дегенде астық сапасын жоғалту қау­пі бар қаржысы шектеулі ша­руаларға елеулі көмек болуы тиіс.

Ағымдағы жылдың басынан «ҚазАгро» Ұлттық Холдингі көк­темгі дала жұмыстарын қаржы­ландыру аясында еліміздің агросаласына 69,5 млрд.теңге инвес­тициялады. Егін егу және жинау жұмыстарына дайындық кезінде Холдингтің еншілес компания­лары 3 630 ауылшаруашылық кешені субъектілерінің өтінім­дерін қаржыландырды, бұл 5,7 млн.га жерді өңдеу мен егуге мүмкіндік берді.

Астық жинау науқанын қар­жыландыруға Холдинг жалпы 17 млрд.теңге бөлуді көздеп отыр. Шаруалар мен агроқұрылымдарды қолдау несиелік ресурстар мен түрлі ауылшаруашылық техниканы лизингке беру арқылы жүзеге аспақ. Бұл соманың 13 млрд.теңгеге жуығы «ҚазАгроҚаржы» АҚ-тың астық жинау техника­сы мен жабдықтарын сатып алуға арналған бюджеттік емес көздерінен болып табылады. Сон­дай-ақ, Аграрлық несиелік кор­порациясының қаржысы ті­ке­лей несиелеу мен Несиелік се­рік­тестер жүйесі арқылы қаржыландыруға бағытталады. Оңтүстік өңірлердегі мақ­та­шыларды қаржыландыру үшін және өзінің «Егінжай» бағ­дарламасы аясында Ауыл шаруа­шылығын қаржылық қолдау Қоры 500 млн.теңге бөледі.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ «Егін­жай-2013» бағдарламасы шең­берінде астық жинау техникасын лизингке берудің бірқатар жеңілдіктерін ұсынып отыр. Жаңа шарттарға сәйкес бастапқы /аванстық/ төлем төмендетілді. Енді ол 2013 жылдың 15 қара­шасына дейін мерзімін ұзарту мүмкіндігімен 10 пайыз­ды құрайды. Сонымен қатар, Агро­бизнес-2020 бағдарламасы аясында субсидиялау есебінен сый­ақы мөлшерлемесі 5,8 пайызға дейін төмендетілді. Бұл шарттар «Егінжай-2013» бағдарламасы аясында астық жинау және мақта жинау комбайндарын алу кезінде де қолданылады. Бұл ретте лизингке біршама қымбат емес жә­не қызмет көрсетілуі шығынды емес қазақстандық және ресейлік өндірушілердің – «Нива», «Ени­сей», «Essil», «Вектор», «Акрос» комбайндары мен оларға бағалық және техникалық сипаттары жағынан сәйкес астық және мақта жинаушы техникалары беріледі.

Жалпы, 2013 жылдың ас­тық жинау жұмыстары шегінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ-та бүгін­гі күні 16 миллиардтан астам теңгені құрайтын астық жинау жұмыстарына түрлі ауыл­шаруашылық техникасын алуға 1000 бірліктен астам өтінімдер келіп түсті, оның 600 бірлігін комбайндар құрайды.

«ҚазАгро» Ұлттық Хол­дин­гінің басқа қаржылық еншілес компаниясы – Аграрлық несиелік корпорациясына көктемгі да­ла және жинау жұмыстарын несиелендіру аясында несиелік серіктестер жүй

Соңғы жаңалықтар