11 Қыркүйек, 2013

Жаңа технологиямен жарақтандырылған орталық

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында нанотехнологияны қолдану арқылы автокөліктерді тазартудың жаңа орталығы ашылды. «HANIN Industry Development» ЖШС мұндай заманауи жүйені тұңғыш болып отандық қызмет көрсету ісіне енгізіп отыр.

 

Алматы қаласында нанотехнологияны қолдану арқылы автокөліктерді тазартудың жаңа орталығы ашылды. «HANIN Industry Development» ЖШС мұндай заманауи жүйені тұңғыш болып отандық қызмет көрсету ісіне енгізіп отыр.

Бұл орталықтың ерекшелігі көліктердің әрбір тетігін т­а­­­зар­­­тумен қатар, машинаның іші-сыртындағы ақаулар мен сы­рылған-жырылған жерлерді қайта қалпына келтіріп, ескі көлікті жаңар­тып шығаруында болып отыр. Арнайы нано­керамикалық қосындымен тазарту нәтижесінде кез келген жеңіл көліктің пайдалану мер­зімі 40 пайызға артып, сатуға қойылатын машиналар 10-30 пайызға бағасы көтеріліп шыға келеді. Сондай-ақ, нанокерамикамен тазартылған темір ұзақ уақытқа дейін тот баспай, табиғаттың қандай да болмасын ыстық-суығына төзімді келеді екен.

Оңтүстік Корея ғалымдары ойлап тапқан «СAR SYSTEM» нанокерамикалық қосындысы автокөліктердің тазалығынан өзге, күн мен судың әсерінен және басқа да табиғи себептің ықпалынан машинаның түсі өңіп кетуінен сақтайды. Қозғалыс кезінде көліктерді майда тастар мен қиыршық құмнан, сондай-ақ ысқылап жуғаннан түсетін жеңіл-желпі сызаттардан 36 ай бойына сақтайтын да қасиеті бар деп отыр мамандар.

Келешекте аталмыш компания өкілдері жергілікті әкім­шіліктермен келісе отырып, еліміздің әр түкпірінен осындай қызмет көрсету орталықтарын ашуды жоспарлауда.

Қанат ЕСКЕНДІР,

«Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ.

Соңғы жаңалықтар