Аймақтар • 17 Сәуір, 2020

Мемлекет Басшысы Солтүстік Қазақстанның ахуалын білді

128 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың облыс әкімі Құмар Ақсақаловпен телефон арқылы сөйлескенін хабарлады.

Мемлекет Басшысы Солтүстік Қазақстанның ахуалын білді

Әңгіме арқауына айналған негізгі мәселелер – облыстағы короновирусқа қарсы күрестің мән-жайы, аймақтағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуал және карантиндік шаралардың іске асуы болған.

Сонымен қатар Президент азаматтарға қарастырылған әлеуметтік жәрдемақыларды берудің  орындалу барысын анықтаған. Сондай-ақ Мемлекет Басшысы көктемгі егіс науқанына дайындық пен ««Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасының жүзеге асырылу барысын да сұраған.

 

Солтүстік Қазақстан облысы