Қазіргі кезде олар қаржы қорын құрып жатқан көрінеді. «Коммерсант» басылымының мәлімдеуінше аталмыш қорға шамамен 5 пен 8 миллион доллар жиылуға тиіс. Бұл ақша ортаң қол ойыншылар арасында таратылады.
Ал канадалық тілші Стефани Майлздің жазғанына сенсек, сол қаражатқа әлемдік рейтингте 250-700 сатыларға жайғасқан теннисшілер иелік ете алады. Шамамен әр спортшы 10 мың доллардан алуға құқылы.