11 Қыркүйек, 2013

Дәрігерлер дайындалады

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 Кенді Алтайда дәл қазір 400-ге жуық жоғары білікті дәрігер жетіспейді. Не істеу керек? «Қалауын тапса, қар жанады» деген рас екен, өңір басшысы Б.Сапарбаевтың ұйытқы болуымен бұл түйін шешілді.

 

Кенді Алтайда дәл қазір 400-ге жуық жоғары білікті дәрігер жетіспейді. Не істеу керек? «Қалауын тапса, қар жанады» деген рас екен, өңір басшысы Б.Сапарбаевтың ұйытқы болуымен бұл түйін шешілді.

Таяуда Семей медицина уни­верситетінің филиалы Өс­кеменде ашылды. Ол оқу ор­нының абыройы бүкіл елге таныс. Мұнда отыздан астам ғылым докторлары, жүздеген ғылым кандидаттары шәкірттерге дәріс береді. Білім ордасының салтанатты ашылуында:

– Экологиясы аса күрделі аймақта медицина университеті филиалының ашылуы маңызды оқиға. Денсаулығы мықты елдің іргетасы да берік болмақ. Біз оқу орнына жағдай жасаймыз, түлектерге көмектесеміз, – деді өңір басшысы.

Семей медицина уни­вер­ситетінің ректоры Тө­ле­бай Ра­хыпбеков филиал жұ­мысына 90 миллион теңге қаржы салынғанын, өңірге қажет 400 білікті дәрігерді 3-4 жылда әзір­леуге күш салатындарын тілге тиек етті.

Бұл филиалға биыл 83 студент қабылданды. Келесі жылдан бастап студенттер саны 200-ге жетеді екен. Олар болашақта хирург, педиатр, гинеколог, терапевт, акушерлік мамандықтарын алып шықпақ. Студенттерге 4 ғылым докторы, 31 ғылым кандидаты жә­не жергілікті жердегі білікті дәрі­герлер дәріс бермек.

Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

ӨСКЕМЕН.

Соңғы жаңалықтар