ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесі бекіткен бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің біріккен жүйесі шеңберінде бүгін Сарышаған полигонында «Жауынгерлік достастық – 2013» оқу-жаттығуының шешуші кезеңі өткізілді.

Біріккен жаттығуларға барлығы 1500 адамнан тұратын жеке құрам, 28 авиациялық техника, 9 зенитті-зымыран кешені, сонымен қатар байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдары тартылды.
Оқу-жаттығу ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері мен авиациалық коалициялық топтарын бірлесе даярлау және оларды қолдану, қарулы шиеленіс пен террорға қарсы әрекет ету кезінде әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің жауынгерлік реттілігін арттыру мақсатында өткізіліп отыр. Жаттығу барысында жауынгерлік есептоптардың тәжірибелік дағдылары мен кәсіби шеберліктері артты.
– Бүгінгі оқу-жаттығуда Әуе қорғанысы күштерінің жеке құрамы жауынгерлік тапсырманы толығымен орындады, зенитті-зымыран кешенінен ату жоғары сапамен жүргізілді, – деп атап өтті Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков.
Қыркүйек айының екінші жартысында «Өзара іс-қимыл-2013» бірлескен оқу-жаттығуын өткізу жоспарланып отырғанын айта кету керек. Оған Әуе қорғанысы күштері мен Құрлық әскерлерінің жеке құрамы қатысатын болады.
«Егемен-ақпарат».