11 Қыркүйек, 2013

Сауд Арабиясында бір ешкі 3,5 млн. долларға сатылды

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күні кеше Сауд Арабияның астанасы – Эр-Риядта елді ерекше елең еткізген ерсілеу бір оқиға орын алды. Мал бағумен айналысатын бір кісі өз әріптесінен аша тұяқты үй жануарын бұрын адам баласы­ның құлағы естімеген бағаға сатып алды.

Бұқаралық ақпарат құрал­­дарының жазуларынша, бұл ешкінің саудасы 13 млн. реалға (3,5 млн. доллар шамасында) төңірегінен қайтқан. Осындай адам ойына келмейтін сауда-саттықтың ақпараты заматында күллі әлемге тарап кетті. Muslim.kz сайтының жазуынша, мыңдаған блогерлер бағасы шарықтаған ешкі мен келісімшартта көрсетілген банк шотының фотосуретін өз сайттарында орналастырып, оқырмандарының алдында ұпай жинап әлек болды.

Жөн-жосықты білетін сарапшылардың сөздеріне қарағанда, бұл ешкі жай ешкі емес, нағыз сирек кездесетін асыл тұқымды мал көрінеді. Сондықтан оның бағасы да осылай шарықтап кетіпті-міс. Не дегенде де, басқа қонбайтын байыпсыз баға!

Сұлтан БОЗАЙҒЫР.

Соңғы жаңалықтар