Аймақтар • 18 Сәуір, 2020

Арман Шораев қамауға алынды

472 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Арман Шораев қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.



Арман Шораев қамауға алынды

Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оған қатысты ҚР ҚК 274-бабының 4-бөлімімен ТЖ кезінде жалған ақпарат таратты деген баппен қылмыстық іс қозғалған.

Арман Шораев әлеуметтік желі арқылы бірнеше рет шындыққа сай келмейтін жалған ақпарат таратқан. Полицияның хабарлауынша, ол өз әрекетімен ТЖ кезінде қоғамдық тәртіпті бұзып, қоғам мен мемлекеттің заң арқылы қорғалатын мүддесіне нұқсан келтірген. Арман Шораев ҚР ҚК 128-бабына сәйкес ұсталып уақытша оқшаулау орнына қамалды. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.