Қазақстан • 18 Сәуір, 2020

Қазақстанға ерекше жолаушылармен рейс келді

1906 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үндістанда ота жасауын күтіп отырған Қазақстан азаматтарының өтініші бойынша Денсаулық сақтау және Сыртқы істер министрліктері Қазақстанның Үндістандағы Елшілігінің атсалысуымен «SCAT» әуекомпаниясының арнайы чартерлік рейсін ұйымдастырды.

Қазақстанға ерекше жолаушылармен рейс келді

COVID-19 індетіне байланысты елдеріміз арасындағы азаматтық әуе қатынасының уақытша тоқтатуына қарамастан, қазақстандық дипломаттар Ченнаи және Мумбаи қалаларынан біздің азаматтарымызды елге қайтару үшін Үнді тарапымен келісімге қол жеткізді.

Осылайша, 18 сәуірде Алматы қаласына ҚР 6 азаматы (3 пациент және 3 еріп жүруші) жеткізілді.

Сонымен қатар, үнді тарапының бастамасы бойынша осы рейспен Қазақстанға коронавируспен күресу үшін гуманитарлық көмек ретінде 30 мың дәрі-дәрмек жіберілді.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Үндістан Үкіметіне достық ықыласы үшін алғыс білдіреді және бұл бастама біздің елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік рухына толық сәйкес келетінін атап өтеді.