Президент • 19 Сәуір, 2020

Президент православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев православ христиандарын Пасха мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

 

Президент православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады

«Құрметті отандастар! Еліміздің православ қауымын қасиетті Пасха мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Мейірімділік пен жанашырлыққа үндейтін бұл мейрам қастерлі құндылықтарды дәріптейді. Христиан дінінің игіліктері адамға ізгілік пен қайырымдылық дарытады. Пасха мейрамы рухани бірлікті, шынайы бауырластықты нығайтуға жол ашады. Бүкіл әлем қауіпті індетпен күресіп жатқан қазіргідей кезеңде барлық дін өкілдері үшін рухтың беріктігі мен өзара ынтымақтастықтың маңызы зор. Халқымыз береке-бірліктің, парасат пен төзімнің арқасында кез-келген қиындықты абыроймен еңсереді деп сенемін. Барша православ христиандарына және отандастарымызға мықты денсаулық, мол бақыт, толағай табыс тілеймін!», - делінген құттықтауда.