Бұл дертті жеңудің бірден бір жолы – әркім өз отбасын оқшаулап, бейсауат жүрісті тыю. Ауыл-аймақ болып осы ережеге бағындық. Әрине біздің тіршілігіміз сауда-саттық пен қызмет көрсету саласындағы шағын және орта бизнес саласына жататындықтан, жұмысымызды тоқтатып, табыссыз қалу оңай болған жоқ. Алакөл ауданы бойынша шағын кәсіппен айналысатын әр адам кемінде бірнеше жұмысшыны жұмыспен қамтып отырған болатын. Төтенше жағдайға байланысты олар да күндік табысынан айырылды. Осы сәтте мемлекет қиындықпен бетпе-бет қалдырмай, табыс табу мүмкіндігінен уақытша қол үзген санатқа қол ұшын созды. Әлеуметтік қордан төленетін 42500 теңге өтемақыны алдым. Қарамағымда жұмыс істейтін адамдар да төлемақыға құжат өткізіп, ақша алып жатыр. Қиын қыстау кезде қарапайым халықтың қамын ойлаған ел ағаларына алғысымыз шексіз.
Елена ТУНЯКИНА,
жеке кәсіпкер
Алматы облысы,
Алакөл ауданы