Қоғам • 20 Сәуір, 2020

Көмек көңілімізді көтерді

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Біз Қарағандының іргесіндегі Сарепта деген ауылда тұрамыз. Мен – үш баланың анасымын. Үлкен ұлым әскер қатарында аза­мат­тық борышын өтеп жүр. Ортаншы балам биыл орта мектепті бітіреді, ал кенжеміз 4-сыныпта оқиды.

Көмек көңілімізді көтерді

Жұбайым – ІІІ топтағы мүгедек. Соған қарамастан ол жеке автокөлігімен адам тасып, азын-аулақ ақша табады. Ал өзім қолдағы екі сиырды сауып, соның сүтін, құрт-майын сатып нәпақамызды айырамыз.

Таяуда күйеуім екеу­міз­дің әрқайсымызға 42500 теңгеден әлеуметтік төлем беріл­ді. Құжаттарды ел қа­тар­­лы тапсырдық. Үш күн­нің ішінде ақшамыз қолға тиді. Қуанышымызда шек болмады. Бірден барып, бір айға жететін азық-түлік, басқа да тұрмысқа қажетті ұсақ-түйек тауар сатып алдық. Мемлекет басшысына, Үкіметімізге алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

Үйімізде интернет же­лі­сі жоқ. Табыс көзі тәуір бол­маған соң, әрнәрседен үнемд­ейміз. Бірақ балам «Балапан» телеарнасы ар­қы­­лы қатарынан қалмай, қа­шық­тан оқып жатыр. Бұл жа­ғы­нан ешкімге ренішім жоқ.

 

Жанаргүл ҚУАНЫШ,

Сарепта ауылының тұрғыны

 

Қарағанды облысы,

Абай ауданы