Қоғам • 20 Сәуір, 2020

Карантинде туған балаларға 30 мың жәрдемақы рәсімделді

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда төтенше жағдайға байланысты ХҚО жұмысы уақытша тоқтатылғалы бері 10 мыңнан астам әйел жүктілік және босануына байланысты табысынан айырылу төлемін, 20 мың отбасы баланың туылуына және оның бір жасқа дейінгі күтіміне берілетін жәрдемақыны онлайн рәсімдеген.

Карантинде туған балаларға 30 мың жәрдемақы рәсімделді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бұрын тек ХҚО арқылы көрсетілген қыз­меттер, оның ішінде жүк­тілікке байланыс­ты жәр­демақы бойынша өті­ніш­терді пор­талдағы «Элек­тронды өтініштер» сервисі арқылы қабылдау мүмкіндігін жасады.

Декрет демалысына шық­қан жүкті әйелдер egov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Электронды өтініштер» сервисін таңдап, жеке құжаты мен жұмыс істеу қабілетінен айырылу парағының скан көшірмесін және төлем аударылуы тиіс банк шотын қоса жолдауы тиіс.

Енді балалы болған отбасылар үшін egov.kz порталының «Отбасы» – «Бала» бөлімінде баланың туы­луына және оның күті­міне байланысты жәрдем­ақы­ларды рәсімдеу мүм­кіндігі бар.

Айта кетейік, порталды пайдалану үшін ЭЦҚ болуы шарт. Электронды цифрлы қолтаңбаны бүгінде порталда қашықтан рәсімдеуге болады.

Сондай-ақ Мобильді азаматтар базасында тіркеуі бар жас аналар проактив қызметін пайдалана алады.  Бұл арқылы баланың тууын тіркеп, тиісті жәрдемақыны рәсімдеп, сәбиді балабақша кезегіне қоюға болады.