11 Қыркүйек, 2013

«Қашаған» кен орнында мұнай өндіру басталды

611 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

11 09-kashaganБүгін, Солтүстік Каспийдегі «Қашаған» кен орнында мұнайдың алғашқы баррелін өндіру бастау алды. Бұл туралы «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.» («НКОК») компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. Бұған дейін «ҚазМұнайГаз» президенті Сауат Мыңбаев аталған кен орнынан алғашқы мұнай тамшыларын өндіру 9 қыркүйекте басталатынын мәлім еткен еді. Кейіннен Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин «Қашаған» мұнайының сәл кейіндеу өндірілетінін жариялады.

Енді міне, көптен күткен «Қашағанның» мұнайы өндіріле бастады. Осылайша, Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібінің тарихында алғаш рет су астынан мұнай өндіру жылнамасы жазыла бастады. Еске сала кетейік, «Қашаған» –Солтүстік Каспийдегі аса ірі кен орны. Атыраудан оңтүстік-шығысқа қарай 80 шақырым қашықтықта орналасқан. Геологиялық қоры шамамен 35 миллиард баррелді құрайды.

Жолдасбек Шөпеғұл,

Атырау облысы.

Соңғы жаңалықтар

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Кеше

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Кеше

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Кеше

Заманауи киіз үй

Өнер • Кеше

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • 25 Шілде, 2025