Күні кеше «Джиро д’Италия» көпкүндігінің басшылығы спортшылармен ақылдаса келе онлайн-веложарысын бастап кетті. Ереже бойынша спортшылар өздері тұрып жатқан жерде велостанок арқылы сынға түседі. Виртуалды көпкүндіктің бірінші кезеңінде тас жолдағы велоспорттан Қазақстан чемпионы Алексей Луценко топ жарды. Отандасымыз 32.1 шақырымды 44 минут 41 секунд уақытта жүріп өтті. Екінші орынды италиялық Элиа Вивиани иеленді. Ол мәре сызығын Луценкодан 4 минут 20 секундтан кейін кесті. Ал үздік үштікті «Pro Team Astana» өкілі Давиде Мартинелли түйіндеді.
Айта кетейік, «Джиро д’Италия» көпкүндігі мамыр айының ортасында өтуі керек еді. Алайда пандемияға байланысты турнир қазан айына ауыстырылды. 10 мамырға дейін жалғасатын виртуалды жарыс 7 кезеңге жоспарланған.