11 Қыркүйек, 2013

Атырауда «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ашылды

455 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Atirau-sholaБүгін Атырау қаласында өзге мектептерден артықшылығы басым жаңа білім ордасы –«Назарбаев Зияткерлік мектебінің» ашылу салтанаты өтті. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшиденованың мәлімдеуінше, бұл еліміздегі он бесінші болуымен ерекшеленеді. Бір атап өтерлігі, Атыраудағы ерекше мектепте АҚШ, Ұлыбритания, Румыния, Ирландия елдері мен Оңтүстік Африка Республикасының жоғары санатты мұғалімдері де білім беруге шақырылған. Ал өз елімізден осы мектепте дәріс беру үшін 74 үздік мұғалім таңдалған.

Мектептің алғашқы қоңырауы соғылуына арналған салтанатта оқушыларға облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев та сәттілік тіледі. Конкурстық іріктеуден жоғары балл жинаған 30 оқушыға үздік төсбелгі тапсырылды. Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Табиля Акимованың айтуынша, 7, 8, 9 және 11 сыныптарға 697 оқушы қабылданыпты. Сонымен бірге, 120 оқушыға арналған жатақхана да пайдалануға берілді. Мектептің сыныптары осы заманғы озық технологиялармен толық қамтылған. Соның ішінде 650 ноутбук пен интерактивті тақталар бар. Бұл химия-биология бағытындағы мектеп болғандықтан, нанотехнология және биотехнология кабинеттері де ашылып отыр. Робот техникасы кабинеті де оқушылардың қызығушылығын тудырады, дейді мектеп директоры Табиля Акимова.

Жолдасбек Шөпеғұл,

Атырау облысы.

Соңғы жаңалықтар