Жобаның алғашқы қонағы – күміс көмей әнші Сүндет Байғожин.
«Қадірлі достар! Аптаның алғашқы күнін жаңа онлайн жобамен бастағалы отырмыз! Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қостанай облысында дүниеге келіп, бүгінде есімі елге танылған өнер қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдерімен болатын сұхбаттар сериясына «Сәлем, саған, туған ел» деген ортақ атау бердік. Кешкі эфирде шығатын басқа да жобалардың болуына байланысты, әрі карантинде отырған көпшілікке күндіз де тұщымды дүниелер ұсыну мақсатында бастапқыда сұхбаттарымызды күндізгі уақытқа жоспарлап отырмыз.
Сіздердің өтініштеріңізге байланысты, алғашқы кездесуімізді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, «Құрмет» орденінің кавалері, Тұңғыш Президент-Елбасы қоры сыйлығының лауреаты Сүндет Байғожинмен @sundetbaigozhin өткізетін боламыз. Бүгін сағ. 16.00-де тікелей эфирге қосылып, жерлесімізбен жүздесуге асығыңыздар!» - деген үндеу тастады Facebook парақшасында Ерлан Қалмақов.
Қостанай облысы