Адам арманымен асқақ.
Мемлекет мақсатымен мерейлі.
Қазақстан – арманы асқақ адамдар елі, мақсаты мерейлі мемлекет. Алтай мен Атыраудың арасын алып жатқан алып даланың жұрты сан ғасырлар бойы азаттық атты арманын аялап, ғасырлар тоғысында, мыңжылдықтар межесінде ойындағысы орындалды. Сол далада орнаған Қазақстан Республикасы жиырма жылдан аз ғана астам уақытта әуелі ел болып, ес жиюдың тар жол, тайғақ кешуінен өтті, құландыдан, қирандыдан жаңа мемлекеттің іргесін бекітіп, қабырғасын көтерді.

Адам арманымен асқақ.
Мемлекет мақсатымен мерейлі.
Қазақстан – арманы асқақ адамдар елі, мақсаты мерейлі мемлекет. Алтай мен Атыраудың арасын алып жатқан алып даланың жұрты сан ғасырлар бойы азаттық атты арманын аялап, ғасырлар тоғысында, мыңжылдықтар межесінде ойындағысы орындалды. Сол далада орнаған Қазақстан Республикасы жиырма жылдан аз ғана астам уақытта әуелі ел болып, ес жиюдың тар жол, тайғақ кешуінен өтті, құландыдан, қирандыдан жаңа мемлекеттің іргесін бекітіп, қабырғасын көтерді.
«Кез келген халыққа бәрінен бұрын асқақ рух керек» дейтін Елбасы егемендіктің елең-алаңында-ақ ертеңімізге нық сенді. Дүниежүзі қазақтары құрылтайының 1992 жылы өткен алғашқы мәжілісінде: «Орнында бар оңалар» дейтін еді халқымыз. Шүкір, ел орнында, жер орнында. Жерге жетер ештеңе жоқ, жерден өтер байлық жоқ. Жер болса – ел болады, ел болса – ер болады. Осындай жеріміз барда, еліміз барда, өздеріңіздей еріміз барда біз ешкімнен кем болмаймыз! Заман тыныштығын берсе, бүгінгі дағдарыстан да шығармыз. Тәуелсіз Қазақстан дәулетіне сәулеті сай қуатты мемлекетке айналар. Қазақ халқы әлемдік өркениетке қазіргіден гөрі қомақты үлес қосар. Даламызда да, қаламызда да шадыман тұрмыс, шат тірлік орнар. Бұйыртса, бүгінгі Құрылтайға қатысқан қадірменді қонақтарымыздың өзі туған Қазақстанымыздың гүлдеп-көркейгеніне таяу жылдарда-ақ куә болады деп кәміл сенеміз», деді. Өйткені, халқына сенді.
Ол күн де келді.
Қазақстан алдымен өзін әлемге танытты, одан кейін мойындатты, одан кейін құрметтетті. Алдымен үй болуды қамдап, өз бетінше мемлекет құра алатынын, өзгелермен терезесі тең тұра алатынын танытты, бірте-бірте би түсетін үй болуды қамдап, әлемнің батысы мен шығысынан келгендерге дос пейілін көрсетті, бара-бара өзі де би болуды қамдап, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының төрағалығына қол жеткізіп, төбебилік етті.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев бұл биікті де қанағат тұтып қалған жоқ, осыдан 4 жыл бұрын елді әлемдегі экономикасы бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекеттің қатарына қосу міндетін қойды.
Елбасымыз өткен жылдың аяғында «Қазақстан – 2050» Стратегиясын жариялап, онда «Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарында болуға тиіс» деп мәлімдеді. Бұл кезде елдің елулікке ену мақсаты толықтай орындала қойған жоқ болатын. Бірақ, Назарбаев ол міндеттің шешілуі таяу тұрғанына сенді. Өйткені, халқына сенді.
Ол күн де келді.
Бүкіләлемдік экономикалық форум 2013 жылдың 4 қыркүйегі күні жаһандық бәсекелестік туралы жылдық есебін жариялап, Қазақстан осы есеп бойынша әлемдегі 148 елдің арасынан 50-ші орынды иеленгенін хабарлады. «Елулікке ену – ел тарихындағы ерекше оқиға» деп жазды сол күндері «Егемен Қазақстан».
Алдыңғы күні, Дамушы нарықтардың Еуразиялық форумында жасаған баяндамасында Елбасымыз мемлекеттің әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуының жөн-жобасын белгілеп, жолын айқындады. «Іс-қимылдың егжей-тегжейлі жоспары жасалып жатыр және жақын арада жарияланатын болады», деді Нұрсұлтан Назарбаев. Әйтсе де, біз осы баяндаманың өзінен мемлекеттің мерейлі мақсатына жетуінің негізгі бағыттарын айқын көріп отырмыз.
Туған халқын жан-тәнімен сүйетін, суығына тоңып, ыстығына күйетін, ойын «Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергідегі қазақ баласының бірде-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақытты – толыққанды, тәуелсіз мемлекет құрудың басында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай тәуекелге де барамын» деп түйетін Президент уақыт адамзат алдына бір сынақтан кейін бір сынақты көлденең тартып тұрған қазіргідей күрделі кезеңде де бойындағы басты қуатты елге деген сенім