Мемлекетіміздің діңгегі – қазақ халқы. Ел де, жер де – қазақтікі. Ел болудың ұяты да біздің жұрттың мойнында.
Мемлекетіміздің діңгегі – қазақ халқы. Ел де, жер де – қазақтікі. Ел болудың ұяты да біздің жұрттың мойнында.
* * *
Халық еркі бәрінен жоғары.
* * *
Бұл ғасыр қазақ үшін алтын дер ем,
Даңқымды әлем білді,
Салтымменен.
Кеудемде жаным барда көтеремін,
Аянбан,
Не күтсе де халқым менен!
* * *
Құнды қазынамыз – тарих табыстырып, тағдыр тоғыстырған халқымыз.
* * *
Жабыққанды жебесем,
Елді жұртпен теңесем,
Қосынында қазақтың
Бекер жүрмін демес ем!
* * *
...халықтар тек жаман нәрсені ғана жадында сақтаса, бір-бірімен ешқашан тату тұра алмас еді. Заман өзгереді. Әр ұрпақ өз көзқарасын қалыптастырады. Мемлекет мүддесін де өзінше түсінеді.
* * *
Қанша қиындық көрсе де, абзалдығы мен сабырлылығын, басқа халықтарға деген сыйлаушылығын сақтай білген халықты, казіргідей қиыр-шиыр тарихи сын кезеңде өзім ажырамас бөлшегіне айналып отырған асыл жұртымды, XXI ғасыр табалдырығынан аттап, өз талайын тағы бір сынап көргелі отырған тәуекелшіл ұлтымды қалай ғана мақтаныш етпеспін?! Қалайша бас имеспін?!
* * *
Өзінің тарихын қадірлемейтін, өзінің ұлттық байлығын бағаламайтын халық табысты да бола алмайды, тағдыры да сәтті бола қоймайды. strong>
* * *
Осындай алып ауқымды аумағы мен осындай бай тарихы бар қазақ халқы бақытты әрі жұлдызы да жоғары.
* * *
Қазақтар ұлы өркениеттердің мұрагерлері – өзінің ұлттық «Менін» тарихтың бүкіл шыңыраулары мен шырғалаңдарынан алып өте білді. Тек алып өтіп қана қоймай, сақтап, көбейте де алды.
* * *
Қазақ ауылы әрдайым ұлттық өсіп-өркендеуіміздің қуат-қайнары әрі ұлттық сәйкестілігіміздің өлшеуіші болып қала берді.
* * *
Қазақ әйелдері ұлтымызды өзінің емдік қасиеті бар жылы сүтімен, өз махаббатының отымен, өзінің аялы алақанымен және қамқорлығымен қамтамасыз етіп, сол арқылы елеусіз ғана қазақ халқының ұлттық, рухани, мәдени тұтастығын қалыптастырып, бойына жан жылуын дарыта алды.
* * *
Бізге, байырғы ұлы халықтардың ұрпақтарына, өзгелердің қаңсығын таңсық еткен жарамайды, өзіміздің өткенімізге, бүгінімізге және болашағымызға жіті үңілетін кез жетті.
* * *
Еркін, бейбітсүйгіш, білімді, өзінің әр алуандығымен біртұтас, табысты, бір сөзбен айтқанда, өзгелермен терезесі тең – біртұтас Қазақстан халқын мен көз алдыма осылай елестете аламын.
* * *
Мемлекет үшін ұйымшыл қоғамнан асқан тірек жоқ.
* * *
Халықтың бірлігі Қазақстан мемлекеттігінің негізі ғана емес, сонымен бірге біздің мәңгілік құндылығымыз да болып табылады.
* * *
Ұлтаралық татулық пен келісім көктен түскен бірдеңе емес. Ол мемлекет пен баршамыздың күнделікті саясатымыз бен практикамыздың нәтижесі.
* * *
Тек қана көпғасырлық тұтастану мен жалғастық, тек қана ұрпақтан ұрпаққа берілетін ортақ мақсаттар бұл ғасырдың міндеттерін шешу үшін халықты біріктіре алуы мүмкін.
* * *
Біздің басты байлығымыз – халықтар мен діндер арасындағы татулық пен келісім.
* * *
Мен әлем халықтарының қатарына лайықты қосылған жаңа ұлттың және біздің Қазақстан сияқты ұлы елдің Елбасы болуды бұйыртқан тағдырға ризамын.
* * *
Кез келген халыққа бәрінен бұрын асқақ рух керек.
* * *
Ең бастысы, тату-тәтті, ынтымағы жарасқан көпұлтты халқымыз бар. Ел дегенде, жер дегенде білегін сыбанып, іске дайын тұрған азаматтарымыз бар. Сан ғасырлар бойы теперішті көрсе де, жайсаң жанын, әсем әнін, күмбір күйін, әдемі әдет-ғұрпын, таза тілін сақтаған ұлтымыз бар. Міне, біздің басты байлығымыз – осы.
* * *
Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын.
* * *
Рухы еркін халық қана ұлы істерді атқара алады.
* * *
Мен кезекті сайлауды ойлай алмаймын, мен елдің, халықтың болашақ тағдырын ойлауға тиіспін. Менің мақсат-мұратым осы, халық мені осы үшін сайлады.
* * *
Қазақтың ұлттық рухы – оның өрлігі мен ерлігінде.
* * *
Қазақ та енді үлкен ұлтқа тән төзім мен сабырлы мінез көрсетуі керек.
* * *
Менің бірден-бір қалауым, менің үмітім, егер қаласаңыздар, арманым – шамамның келгенінше, Қазақстан халқының өзін жан-жақты дамытуы үшін қалыпты, шынайы, өркениетті жағдай жасауға жәрдемдесу.
* * *
Өзім үшін емес, елім үшін толғанамын: бір басыма керекті қай күнде де табармын. Халқыма керекті қалай табам, қайдан табам деп қам жеп жүру тек қана менің емес, әр азаматтың ісі мен жадында болуы тиіс.
* * *
Сөз бастаған шешен болу –
Бір қиын,
Елің үшін есен болу –
Бір қиын.
Тайғақ кешіп,
Ақ жол тауып,
Адаспай,
Көш бастаған көсем болу –
Мың қиын!
* * *
Ежелден рух еркіндігін ерекше қастер тұтқан халқымыздың асыл дәстүрлерін жаңа заманға жарасымды жалғастыруымыз қажет.
* * *
Біз кешегісі тұлдыр, болашағы бұлдыр халық емеспіз.
* * *
Бабаларын қалтқысыз қастерлей білген халық балаларының болашағын да қапысы