Жасақ бастығы кіші сержант Жандос Қарабай және патрульшілер қатардағы жауынгерлер Мақсұт Бейсенбин мен Рамис Шамшутдинов кинолог маман ефрейтор Кирилл Токтамыспен бірге ер азаматты іздей бастайды. Сенімді төртаяқты «Риктің» көмегіне жүгінген жауынгерлер қызметтік итке жоғалған адамның жеке киімдерін иіскетіп, іздеу шараларын үдетеді.
Нәтиже өзін көп күттірген жоқ. Араға 40 минут салып әскери жасақ жоғалған адамды тауып, автопатруль қызметіне тапсырады.