Спорт • 20 Сәуір, 2020

2005 жылы туғандар Токио Олимпиадасына қатысады

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылғы Токио Олимпиадасы келесі жылға ауыстырылған соң, 2005 жылы туған гимнастар 2021 жылғы Олимпия ойындарына қатысу мүмкіндігіне ие болды.

2005 жылы туғандар Токио Олимпиадасына қатысады

FIG ережесі бойынша, Олимпиадаға 16 жастан асқан спортшылар ғана қатыса алады. Егер Токио Олимпиадасы биыл ұйымдастырылғанда, онда төртжылдықтың басты додасына 2004 жылы туған спортшылар қатыса алатын еді.

Енді Токио ойындары келесі жылға ауыстырылғанына байланысты 2005 жылғы гимнастар Олимпиадаға қатысу құқығына ие болады.

Айта кетелік, бүгінде гимнастикадан 2020 жылғы Токио Олимпиадасына берілетін 324 квотаның 75 пайызы үлестірілген.