Аймақтар • 20 Сәуір, 2020

Түркістан: Ерікті әскери жасақ құрамында 230 сарбаз сапқа тұрды

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан өңірінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы Жарлығынан кейін ерікті түрде сапқа тұрғысы келетіндердің қарасы қалың болды. 

Түркістан: Ерікті әскери жасақ құрамында 230 сарбаз сапқа тұрды

Облыс әкімінің қаулысына сәйкес, өңірде еліміздің Қарулы Күштерінің аумақтық әскерін жасақтауға 230 азамат шақырылған. Оның ішінде облыс орталығы Түркістан қаласындағы 50 сарбаздан тұратын әскерилер жасағын қала әкімі Рашид Аюпов басқарады.

лдл

Негізгі мақсаты халықтың қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау және қамтамасыз ету болып табылатын әскери жасақ қатарына ең үздіктер таңдалған. Олар бұрынғы десантшылар, мотоатқышлар, жауынгерлік және саяси дайықтық үздіктері. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев сын-сағатта арнайы жиынға шақырылған азаматтарға сәттілік тіледі. Көшелерде жаяу патрульдеуге және облысты айнала қоршай қойылған блок - бекеттерде қызмет атқарып, залалсыздандыру жұмыстарына қатысатын арнайы жасақталған сарбаздар бүгіннен бастап іске кірісті. Олар қажетті киіммен, ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Жұмысы бар еріктілердің лауызымы мен айлық жалақысы сақталады. Жұмыс істемейтіндеріне мемлекет есебінен ең төменгі жалақы мөлшері 42 500 теңгеден төленеді. Арнаулы жиынға шақыртылған әскерилер тұрақты елді мекеніне қызмет етеді.

Түркістан облысы