12 Қыркүйек, 2013

Келешектен өз келбетін көрген ел

296 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

AkashiKaikyBridge301678Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруы бойынша үстіміздегі жылғы 6-8 қыркүйекте біздің елімізге жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы жоғарыдағы қағидаттың шындыққа жанасымды екенін тағы бір мәрте аңғартып өтті. Бұған осы сапар барысында екі мемлекет басшылары жасасқан байламдардың маңызы мен мазмұны дәлел бола алады. Бұл жолғы кездесу екі мемлекет арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестікті бұдан әрі тереңдете түсудің кемел келешегін айқындап берді.

 

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруы бойынша үстіміздегі жылғы 6-8 қыркүйекте біздің елімізге жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы жоғарыдағы қағидаттың шындыққа жанасымды екенін тағы бір мәрте аңғартып өтті. Бұған осы сапар барысында екі мемлекет басшылары жасасқан байламдардың маңызы мен мазмұны дәлел бола алады. Бұл жолғы кездесу екі мемлекет арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестікті бұдан әрі тереңдете түсудің кемел келешегін айқындап берді.

AkashiKaikyBridge301678

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл кездесуге Санкт-Петербургте өткен G20 саммитінен кейін шұғыл жетті. Елбасының Қытай лидерімен бірінші кезде­суі Астанадағы Назарбаев Уни­верситетінде өтті. Мұнда мемле­кет басшылары университеттің жұмысымен біршама танысып болып, студенттердің алдына шық­ты. Осы кездесудің барысында екі елдің арасындағы қарым-қатынасты бұрынғыдан бетер жарастыра түсуге дәнекер болатын бірнеше қағидатты мәселелер бойынша мәміле жасалатыны ашып айтылды. Сөз тізгінін бірінші болып алған Нұрсұлтан Назарбаев, мәселен, біздің еліміз Қытайдың Қазақстанмен және аймақтағы өзге мемлекеттермен қарым-қаты­насын нығайтуға ұмтылысын қол­дайтынын атап өтті. Елбасы, сонымен қатар, биылғы жылы екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастық айтарлықтай алға жылжып, тауар айналымы 26 млрд. долларға жеткеніне назар аударды. Осы жерде екі лидердің алдағы жылы бұл межені 40 млрд. долларға дейін жеткізу міндетін алға қойып отырғаны да белгілі болды. Осы күндері жүргізілетін келіссөздердің қорытындысында ынтымақтастықты жаңа сатыға көтеретін 20-дан астам жаңа құжатқа қол қойылатыны айғақталды.

китай

Қазақстаннан шыққан көптеген талапкерлер бірқатар жылдан бері Қытайдың әртүрлі жоғары оқу орындарында оқып, білім алып жүр. Жақын арада мұндай қамқорлықты қытайлық өрендер де көреді. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев: «Жастар бірін бірі біліп, қарым-қатынастарымыз одан әрі нығая беру үшін Қазақстан да Қытайдан студенттер қабылдауға әзір. Қазақстан ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа дайын. Қазақстан ҚХР-ға жақсы көрші, сенімді дос және экономикалық серіктес болады», – деді осыған орай.

Жиналғандар Қытай көшбас­шысы Си Цзиньпиннің студенттер алдында оқыған дәрісінен де көп мағлұматтармен қанықты. Ол өз сөзінде Қытайдың Орта­лық Азиядағы сыртқы саяси ба­сым­дықтары мен Қазақстанмен арадағы екіжақты ынтымақтастық туралы сөз қозғап, Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бергі жыл­дардағы экономикалық және сая­си дамуындағы жетістіктеріне таңданыс білдірді. Қазақ елінің бұл тарапта едәуір ілгері кеткенін және бұл қадамы халықтың тұрмыс деңгейін айтарлықтай жақсартып, халықаралық беделінің артуына жол ашқанын атап өтті. Мұның тағы бір дәлелі Астананың қазіргі келбетінен де көрініп тұрғанын жеткізді.    

Осы орайда ҚХР Төрағасының: «Небәрі 10 жылдың ішінде нағыз заманауи қала деңгейіне көтерілген Астана Қазақстан жерінің тағы бір ғажайып құбылысы атанып отыр. Астана – еңбексүйгіштіктің, Қазақстан халқының өсіп-өркендеуі мен жарқын болашағының символы. Қытайдың Хань әулетінің елшісі 2 мың жылдан астам уақыт бұрын бейбітшілік пен достық миссиясымен қазақ даласына екі рет келіпті. Сол сапарлар Қытайдың Орталық Азиямен достық қатынас­тарының кеңеюіне ықпал етіп, Жібек жолының Шығыстан Ба­тыс­қа, Азиядан Еуропаға барар бағыттарын ашты. Ежелгі Жібек жолы өзінің бастауын менің туған провинциям саналатын Шэньсиден алады», – деп атап көрсеткен сөз­дері біздің елордамы

Соңғы жаңалықтар