Қытайдан Қазақ хандығы тарихына қатысты 283 том көшірмелер жеткізілді. Кеше осы туралы мәлімдеген тарих ғылымдарының докторы, профессор Меруерт Әбусейітова оларды Цинь әулеті мұрағатының құжаттары құрайтынын баяндады.
Қытайдан Қазақ хандығы тарихына қатысты 283 том көшірмелер жеткізілді. Кеше осы туралы мәлімдеген тарих ғылымдарының докторы, профессор Меруерт Әбусейітова оларды Цинь әулеті мұрағатының құжаттары құрайтынын баяндады.
Кеше Атырауда Назарбаев зияткерлік мектебі ашылды. Білім ордасына қабылданған 720 талапкер 7-10-сыныптардың 2978 оқушысы арасынан іріктеп алынды.
Алматыда 100 отбасы пәтерлерге ие болды. «Мемлекет басшысының қаламызға аса зор көңіл бөлуі нәтижесінде салынған жаңа тұрғын үйлер бірінші кезектегі мұқтаж адамдарға берілді», – деді осыған орай өткен салтанатта қала әкімі Ахметжан Есімов.
Оңтүстік Қазақстанның өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы тауарларын тиеген көліктер Мәскеуге аттанды. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов бастағанкеруен 14-26 қыркүйекте Ресей астанасында өтетін аумақтық жәрмеңкені діттеп барады.
Павлодарда Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы өтті. Сайысқа қатысқан 16-20 жас аралығындағы мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттері арасынан Баянауыл ауданының өкілі Рахымберді Әлпеш топ жарды.
Семейде ата-аналар мектебі ашылды. Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының базасында бой көтерген бұл құрылым мүмкіндігі шектеулі балалар отбасыларының мұң-мұқтаждарын шешуге бағыт ұстайды.
Ақтау қаласының тұрғындары башқұрт мәдениетімен танысады. Бұл осы қалада 16-17 қыркүйек күндері бауырлас жұрт «Салават» мәдениет орталығының қала әкімдігімен бірлесіп өткізетін шарасы арқасында мүмкін болғалы тұр.
Жамбыл облысында 29 бас жылқы ұрлаған ұрылар ұсталды. Олар аталмыш үйірді бірнеше ай бұрын Талас ауданы, Ақкөл ауылына жақын маңдағы жайылымнан айдап әкеткен екен.
«ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz,
TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.