12 Қыркүйек, 2013

Не дейді?

217 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Шетелдік БАҚ Астана қаласында өткен Дамушы нарықтардың Еуразиялық форумы жөнінде

 

Басқа басылымдардан

Не дейді?

Шетелдік БАҚ Астана қаласында өткен Дамушы нарықтардың Еуразиялық форумы жөнінде

СиньхуаСейсенбі күні Астана қаласында Дамушы нарықтардың Еуразиялық форумында сөз сөйлеген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мұнай Қазақстанның басты табыс көзі болмауы тиіс екенін алға тартты.

«Шикізат қоры экономика өсіміне ықпал етеді. Дегенмен, ол мемлекеттің басты табыс көзі болмауы керек. Бұл – Үкіметтің негізгі тапсырмасы. Біздің халық үшін жылына 2 млн. баррель мұнай өндірілсе жеткілікті», – деді Н.Назарбаев.

--------------------------------------------------------------------------------------

Итар ТассҚазақстан Үкіметі биыл 2050 жылға дейінгі ел дамуы стратегиясының жобасын жасауды аяқтайды. Бұл туралы Дамушы нарықтардың Еуразиялық форумында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев хабарлады.

Ел дамуы жөнінде мәселе көтере отырып, Мемлекет басшысы Қазақстанның жақында Санкт-Петербургте өткен «үлкен жиырмалық» саммитіне қатысуының маңызын атап өтті. «Пікірталасқа қатыса отырып, Қазақстан іс жүзінде экономикасы дамыған елдер клубына кірді. Енді ол жердегі орнымызды іс жүзінде нығайту үшін жұмыс жасауымыз қажет», – деді ол.

Мемлекет басшысы дамудың өзге де маңызды бағыттарының арасында экономиканың жоғары технологиялық және инновациялық секторларының басымдылығын алға тартты.

--------------------------------------------------------------------------------------

regnum-logo-bigҚазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев таза энергетика жөнінде агенттік құруға тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазТАГ.

«Бұл салада (жаңғырмалы энергия) кешенді институттық тәсіл қолдану қажет. Біріншіден, таза энергетика жөнінде агенттік құру. Екіншіден, баламалы энергия жөніндегі жобаларға демеушілік ететін қор ұйымдастыру. Үшіншіден, энергосервистік компаниялардың құрылуын қамтамасыз ету. Төртіншіден, шаруашылық жүргізуші субъектілерге энергия үнемдегені үшін ынталандыруды қарастыру», – деді Нұрсұлтан Назарбаев «Еуразия ХХІ ғасырда: жаңару арқылы көшбасшылыққа» атты Дамушы нарықтардың Еуразиялық форумында.

Дайындаған

Айдар ӨРІСБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар