12 Қыркүйек, 2013

Партия доктринасы талқыланды

358 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нур Отан логотип 1Нұротандық депутаттардың мақсаты – партия Төрағасының барлық бастамаларын заңнамалық қамтамасыз ету, дейді Н.Нығматулин

Палата спикері, «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен фракция жиналысы өтті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

 

Нұротандық депутаттардың мақсаты – партия Төрағасының барлық бастамаларын заңнамалық қамтамасыз ету, дейді Н.Нығматулин

Палата спикері, «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен фракция жиналысы өтті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Басты мәселе «Нұр Отан» партиясының доктринасын талқылау. Нұрлан Нығматулин жаңа партиялық құжаттың маңыздылығы мен өзектілігін айта келіп, доктринаның Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясында жүктелген маңызды стратегиялық міндеттер жолында барша қазақстандықтарды біріктіруді көздейтіндігін жеткізді.

Сонымен қатар, Төраға мәжілісмендерге, партиялық әріптестеріне жаңа құжаттың әрбір бабының орындалуына әрқайсысының өз үлесін қосуы керектігін қадап айтты.

– Нұротандық депутаттардың мақсаты – партия Төрағасының барлық бастамаларын заңнамалық қамтамасыз ету, – деді Нұрлан Нығматулин.

Сондай-ақ, жиналыс барысында «Нұр Отан» ХДП фракциясы мүшелері – Парламент Мәжілісі депутаттарының партияның кезектен тыс XV съезіне және доктрина жобасын түсіндіру жұмыстарына қатысу мәселелері де қаралды.

Съезд қарсаңында бүкіл еліміз бойынша партияның аймақтық және аумақтық филиалдарында конференциялар өтіп, оған нұротандық мәжілісмендер қатысатын болады.

Соңғы жаңалықтар