Білім беру мекемелеріндегі тарих пәні оқулық сапасына, ұрпаққа үйрету үлгісіне, білгізу білігіне тікелей байланысты
Қилы кезеңдердің қырсығы артта қалып, ата-бабаларымыз аңсап өткен тәуелсіздікке қол жеткіздік. Одан кейінгі аласапы-ран жылдардан Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сара саяса-тының нәтижесінде аман өтіп, экономикамыз өсіп, халқымыз-дың әл-ауқаты артып, кемел келешекке жұрттың сенімі нығай-ды. Отанымыз әлемдегі алдыңғы қатарлы елу елмен иық тірестіріп, іргелі мемлекет, қалыптасқан жұрт екенімізді көрсеттік. Ендігі жердегі келелі міндет жас ұрпақтың бойына отаншылдық рухты сіңіріп, ел мен жердің иесі сендерсіңдер деген ойды саналарына дарытып, бойларына орнықтыру міндеті тұр. Бұл туралы Президент елордада мектеп оқушыларына оқыған дәрісінде жан-жақты қозғады. Туған жердің, елдің тарихын білмейінше, шынайы патриот болу мүмкін емес дегенді қадап айтып: «Патриот – өз елін сүйетін және өзге мемлекеттерге құрметпен қарайтын адам», деген болатын.
Білім беру мекемелеріндегі тарих пәні оқулық сапасына, ұрпаққа үйрету үлгісіне, білгізу білігіне тікелей байланысты
Қилы кезеңдердің қырсығы артта қалып, ата-бабаларымыз аңсап өткен тәуелсіздікке қол жеткіздік. Одан кейінгі аласапы-ран жылдардан Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сара саяса-тының нәтижесінде аман өтіп, экономикамыз өсіп, халқымыз-дың әл-ауқаты артып, кемел келешекке жұрттың сенімі нығай-ды. Отанымыз әлемдегі алдыңғы қатарлы елу елмен иық тірестіріп, іргелі мемлекет, қалыптасқан жұрт екенімізді көрсеттік. Ендігі жердегі келелі міндет жас ұрпақтың бойына отаншылдық рухты сіңіріп, ел мен жердің иесі сендерсіңдер деген ойды саналарына дарытып, бойларына орнықтыру міндеті тұр. Бұл туралы Президент елордада мектеп оқушыларына оқыған дәрісінде жан-жақты қозғады. Туған жердің, елдің тарихын білмейінше, шынайы патриот болу мүмкін емес дегенді қадап айтып: «Патриот – өз елін сүйетін және өзге мемлекеттерге құрметпен қарайтын адам», деген болатын.
Мұның бәрі Тұңғыш Президентіміздің «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауынан бастау алып отыр. XXI ғасырдың он жаhандық сын-қатерін атап өткен Мемлекет басшысы тоғызыншы сын-қатерде – өркениет құндылықтарының дағдарысына түсініктеме бере отырып, «Әлем ауыр дүниетанымдық және құндылық дағдарысты бастан кешіріп отыр. Өркениеттер қақтығысы, тарихтың ақыры, мультимәдениеттің күйреуін жариялайтын үндер жиі естіледі» деп қаншама ғасырлар тезінен сырын да, сынын да жоғалтпай бүгінге жеткен жауһарларымызды қорғап, дамыту жолын алға тартқан еді.

Елбасы бұл айтқан бағдарында тарихтың заманға қарай өзгеріп отыратынын меңзеп, бірақ, тәуелсіз еліміздің өткені мен бүгінін, жарқын болашағын ұштастыра өрістету идеясын ұсынады. Соны жүзеге асыру жолдары талқыланған алқалы жиынды Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин маусым айында өткізген еді. Онда ұлттық тарихты зерделеу жөнінде мәселелер көтеріліп, түйінді ойлар талқыланған. Соның бірі еліміздегі жоғары оқу орындарында жұмыс істеп келе жатқан Қазақстан тарихы кафедраларының жұмысын жетілдіру болатын. Бұл жастарға Отан тарихын терең үйрету үшін қолға алынған шара деп білеміз. Біз осы игілікті істі іске асыру жолында еліміздің төрт аймақтарында өткен республикалық семинарлар жұмыстарына атсалыстық. Ел тарихының кейбір әдістемелік және тарихи-мұрағаттық материалдарын қайта қарастыру мен зерделеу мәселесіне көңіл аударудамыз. Білім және ғылым министрлігімен кеңесіп, тарих туралы тұжырымдамаларымызды жұртшылық талқысына салып, өзгелермен ой бөлісу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен жүйелі жұмыс жасаудамыз. Себебі, тарих мәселелері жеңіл-желпі ой-байламдарды көтермейді. Оның ғылыми негізі мықты болуы тиіс. Бүкіл деректер ғылымда дәйектелгеннен кейін ғана мектеп, жоғары оқу орындарының бағ-дарламаларына енгізу қажеттігін уақыт көрсетіп отыр. Мысалы, соңғы жылдардағы өткізілген Бірыңғай ұлттық тестілеу кезіндегі тарих сұрақтары мен жауаптарында жиі қайталанып жүрген олқылықтар мен сәйкес келмеушіліктер, бұ л сөзімізге дәлел бола алады. Кей білім ұялары өздері таңдаған балама оқулықтар бойынша жастарға білім береміз дейді. Бұл да жөн шығар. Дегенмен, балама оқулықтардағы деректердің әртүрлілігі сынақ кезінде талапкерлерді шатыстырары хақ. Сондай талапкерлердің кейбіреулері өздері емтихан кезіндегі сұраққа берген жауабының дұрыстығын білім алған оқулық бойынша дәлелдеуге тырысып бағатынынан хабардармыз.
Жаһандану заманында тарихымыздың тиянақты да, орнықты болуына Елбасының жете көңіл бөлуі содан шығар деп ойлаймыз. Мемлекет басшысының бұл талабының тиісті деңгейде іске асырылуы, тек қана тарихи мұралар мен мұрағаттарды не-месе тарихи тұлғалар мен оқиғаларды түпкілікті зерттеумен шектеліп қана қоймай, негізінен білім беру мекемелеріндегі та-рих пәнінің оқытылу сапасына да байланысты деуі де өте орынды. Сондықтан да, орта білім беретін мектептер мен колледждер, немесе жоғары оқу орындарында тарих пәнінің дәрістері мен практикалық сабақтарының ғылыми-әдістемелік жағынан қаншалықты нақты және дұрыс жолға қойылуының маңызы зор. Бұл тұрғыдан барлық білім беру мекемелері үшін жалпылама әдістемелік нұсқаушылық рөлін әр аймақтағы гуманитарлық ба-ғыттағы жетекші жоғары оқу орындары атқаруы тиіс тәрізді. Өйткені, олар осы гуманитарлық саланы жан-жақты білумен қа-тар, зерделеп отыр. Біз секілді техникалық жоғары білім меке-мелері солармен тығыз қарым-қатынас жасау арқылы өзіміздегі түйткілдердің шешімін табамыз. Сондай оқу орындарының қатарында профессор А.Иманғалиев басқаратын М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің алатын орны ерекше. Бұл сексен жылдық тарихы бар ғылым мен білім ордасының тарих ғылымынан тарайтын этнография, өлкетану, археология және Отан тарихы ғылыми бағыттары бойынша, соның ішінде өлке тарихында ерекше із қалдырған тарихи тұлғаларды зерттеуде қыруар еңбек сіңіруде. Әсіресе, Ұлы Отан соғысы кезінде елі үшін ерлікпен қаза тапқан, тек қана өлкеміздің ғана емес бүкіл республикамыздың мақтанышына айналған қазақтың қаһарман қыздары Хиуаз Доспанова, Мәншүк Мәметова және Әлия Молдағұлова сынды қас батырларды қадірлеу ісі жақсы жолға қойылған.
Тәуелсіз еліміздің өткені мен бүгінін таразы басында теңей отырып, кейінгі ұрпаққа сап алтындай таза жеткізу жөніндегі Президенттің тапсырмасына біз де өзіндік үлесімізді қосуға талпынудамыз. Соның ішінде заманға қарай өзіндік орны бар техникалық үрдістердің тарихын зерттеп, зерделеуге университет ғалымдары мен студенттері тың талпыныстар жасауда. Оқу орны өзінің техникалық бағытына қарамастан тарих пәнін студенттерге терең меңгерту мақсатында Қазақстан тарихы кафедрасының ауқымын кеңейтіп, білікті мамандарды топтастырып жатыр. Арнайы құрылған кафедрада студенттер мен магистранттар ғылым мен техниканың жоғарыда айтқан тарихын зерттеуге құлшына кірісуде. Жылма-жыл өткізілетін студенттік ғылыми конференциялар мен семинарларда және ғылыми жобалар конкурстарында, әсіресе, Отан соғысы басталған жылдардан бастап қазіргі кезге дейінгі техниканың даму тарихын қамтитын тақырыптар алға шығып отыр. Мұндай қадам сабақтан тыс уақыттарда жүргізіледі. Отан соғысы кезіндегі кейбір техникалардың немесе өзге де қарулардың даму тарихын, оларды жетік меңгерген шеберлер мен батырлардың өмірбаяндарын байланыстырып зерделеу ниетіндеміз. Бұл да күні ертең ел тарихынан орын алатын деректер деп білеміз. Мысалы, Хиуаз Доспанова ұшқан У-2 ұшағы мен Мәншүк Мәметова меңгерген атақты «Максим» пулеметінің жасалуы, қолданылуы мен техникалық сипаттамаларын студенттер зерделеп, болашақта тәуелсіз елдің қажетіне жарайтын сондай құралдар әзірлеуге талпынып жүрген жастар да жоқ емес. Техникалық білімін ала жүріп, тарихқа ден қойғандар Хиуаз апамыздың сұрапыл соғыстың қиын және тапшылық кездерінде корпусы жартылай фанерадан құрастырылған У-2 ұшағының сипаттамалық жағынан көптеген жетіспеушіліктері болғанын, осы ақауларды олар танып-біліп, батыр қыздың соны дер кезінде біліп, сыннан сүрінбей өткенін ғылыми тұрғыда зерделеп шықты. Мұнымен қатар, техникалық мүм-кіншілігіне қарай, биіктеп кетпей төмендеп ұшуға дағдыланған У-2 ұшағы жау қолында қалған қалаларға түнгі шабуылдар жа-сауда үлкен септігі болғанын да студенттер өз еңбектеріне арқау етіп отыр. Ал Мәншүк апамыз қазіргі кезде математика мен статистикада жиі айтылып, қолданылып жүрген түсінік – топтасу теориясын өзінің пулеметінде тәжірибе жүзінде қолданған адамдардың бірі болғанын да талапкерлер өз еңбектер