12 Қыркүйек, 2013

Өзара мүдделестік танытылды

252 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Баден-Вюрттемберг жері­­нің Сауда-өндірістік пала­та­сының шақыруымен Қазақ­стан Республикасының Гер­­ма­­­­ниядағы елшісі Нұрлан Он­жа­­­­новтың Ульм қаласына қыз­­меттік сапары өтті. Елші көле­мі және экономикалық дамуы жағынан Германияда үшін­ші орын алатын жердің қоғам­дық-саяси және іскерлік топта­ры өкілдерімен екіжақты кезде­сулер өткізіп, екі ел арасын­дағы экономикалық ынты­мақтастыққа арналған «Қазақ­стан шикізат, өндіріс және технологиялар салаларындағы экономикалық серіктес ре­тін­де» атты дөңгелек үстелдің жұмысына қатысты.

Өзінің баяндамасында қазақстандық дипломат фо­рум­ға қатысушыларды «Қа­зақстан-2050» Даму стратегия­сы шеңберінде Қазақстанның саяси және әлеуметтік-эко­но­микалық дамуының өзекті мәселелерімен таныстырып, 2012 жылы ақпан айындағы Елбасының ГФР-ға сапарының нәтижесінде қол жеткізілген уағдаластықтар аясындағы қазақ-герман екіжақты ынты­­­мақтастығының басты басым­дықтары туралы хабардар етті.

Баден-Вюрттембергтің Сау­да-өндірістік палатасының президенті Петер Кулитц өз сөзінде екі ел арасында орна­тылған шикізат, өнді­ріс және технологиялық серік­тестіктің маңыздылығын атап өтіп, Ба­ден-Вюрттемберг жерінің ком­па­нияларын Қазақстанның өн­дірістік және технологиялық жобаларын іске асыруына бел­сендірек атсалысуға ша­қыр­ды.

Баден-Вюрттемберг тұр­ғын­дар санына шаққанда жо­ғары технологиялық кәсіп­орын­дардың орналасуы жағы­нан Еуропада, ал патенттерге тапсырыс берушілердің саны жағынан Германияда бірінші орын алады, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар