Экология • 21 Сәуір, 2020

Орал өзенін сауықтыруға арналған орган

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев әріптесі – Ресей Федерациясының Табиғи ресурстар және экология министрі Д.Кобылкинмен бейнебайланыс арқылы кеңес өткізді. Бұл туралы М.Мырзағалиев өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

Орал өзенін сауықтыруға арналған орган

Оның айтуынша, тараптар трансшекаралық су нысандары жөніндегі ынтымақтастық мəселесін талқылаған.

«Орал өзенін сауықтыру жө­нінде сарапшылық орган құру туралы шешім қабылдаудың сəті түсті. Бұл ретте ғалымдар өзеннің экожүйесін сауықтыру жəне су арнасын болжамдау жөніндегі екі мəселе бойынша жұмыс істейді. Органның құрамын 20 сəуірге дейін анықтау келісілді», деп жаз­ды М.Мырзағалиев.

Сондай-ақ Жайық жəне Ер­тіс өзендерін эко-сауықтыру бағ­дарламасын, Жайық өзенінің гидрологиялық режімін тексеру мəселесін талқылаудың сəті түскен.

«Бұл жұмыстар Президент тапсырмасы бойынша жүргі­зілуде. Атқарылатын істерді қазақстандық-ресейлік салалық комиссия шеңберінде жандандыру келісілді», деп атап өтті еліміздің Экология министрі.

Бұл уағдаластықтар екі елдің су шаруашылығындағы ынты­мақтастығын жандандырып, трансшекаралық су нысан­дары­ның эко-ахуалын жақсартуға арналған. Бұдан басқа, тараптар Қазақстан мен Ресей 17-ай­мақаралық ынты­мақтастық фо­румының шең­берінде қол қою жоспарланып отыр­ған екіжақты құжаттардың жо­басын талқылап, оларды келісу процесін жеделдетуге уағдаласты.